«Науқастар үшін су бар... бірақ әкеле берсін»

12 шілде 12:59 1364 рет қаралды

Соңғы күндері әлеуметтік желіде №2 облыстық (жұқпалы аурулар) ауруханасында қарапайым ауыз су жоқ, науқастарға туыстары оны 5 литрлік баклажкамен жеткізеді деген әңгіме жүруде. Алайда бұдан бұрын облыс әкімдігі барлық ауруханалар сумен (19 литрлік кулермен) қамтылған деп сендірген еді.

Журналистер бұл тақырыпты Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ қатысқан брифингте көтерді. Ол мұның олай еместігін айтты. Бірақ науқастарға ауыз су мен басқа да қажетті заттарды әкелуге қарсылық білдірмейтінін жеткізді.

- Қазір науқастардың көпшілігі пневмонияға шалдыққандықтан күннің ыссылығына сәйкес ауруханада желдеткішті қолдану келеңсіздік тудырып, емге теріс әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ, ауруханаларда су жүріп тұр, егер туыстары алып келсе, артық болмайды, - деді Қабдықапаров.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру