Пышақ ұстаған астаналық әйел супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды

11 шілде 12:27 965 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан күйінген әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адам сабырға шақырғысы келеді, бірақ бұл әйелді одан әрі ашуландырады.

"Жақындама маған", - деп айқайлайды әйел сөредегі тауарларды лақтырып.

Сондай-ақ, оның аузынан әділетсіздік және үйде күтіп отырған балалары туралы сөздер шығады.

"Өзімшілсіңдер!", - дейді ол құқық қорғау қызметкерлері келген соң.

Бейнежазбада бейәдеп сөздер айтылады

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кадрлардан күйінген әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адам сабырға шақырғысы келеді, бірақ бұл әйелді одан әрі ашуландырады. "Жақындама маған", - деп айқайлайды әйел сөредегі тауарларды лақтырып. Сондай-ақ, оның аузынан әділетсіздік және үйде күтіп отырған балалары туралы сөздер шығады. "Өзімшілсіңдер!", - дейді ол құқық қорғау қызметкерлері келген соң. Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. "10 шілдеде сағат 18.00-де полицияға Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақ сермеп, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені, витринаның тас-талқанын шығарып, азық-түлікті шашып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл деректі растады. Ұстау кезінде бұрын сотталған 1990 жылға әйел полицейлерге қарсылық көрсетті. Ол полиция басқармасына жеткізілді, тексеру жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Публикация от АҚ ЖАЙЫҚ (@azh.news)


Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"10 шілдеде сағат 18.00-де полицияға Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақ сермеп, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені, витринаның тас-талқанын шығарып, азық-түлікті шашып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл деректі растады. Ұстау кезінде бұрын сотталған 1990 жылға әйел полицейлерге қарсылық көрсетті. Ол полиция басқармасына жеткізілді, тексеру жүріп жатыр", - делінген хабарламада.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру