Атырауда шомылу маусымы ашылды. Қай жерде шомылуға болады?

16 маусым 10:12 639 рет қаралды

15 маусымда Атырауда шомылу маусымы ресми түрде ашылды. Қаламызда бірнеше жағажай бар, тек біреуінде – «Атырау» ДШСК жанындағы жағажайда «Еуразия» кәсіпкерлікті қолдау орталығы» ЖШС абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Қалған жағажайлар қараусыз қалып отыр.

Ал күн жылынғалы өңіріміздегі су айдынында 8 адам суға кетті. ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері Ерсін МӘЖИТОВТІҢ айтуынша, осы қайғылы оқиғалардың барлығы шомылу үшін жабдықталмаған жерлерде болған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қазір 50-ден астам адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру