​Атырауда СИЗО бақылаушысы «шабарман» болып ақша тапқан

29 мамыр 23:34 4355 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел тобының қызметкерлері тергелушіге «шабарман» болып жүрген тергеу изоляторының бақылаушысын ұстады.   

-24 мамыр күні УГ-157/1 мекемесінде кешкі ауысым кезінде күзет және режим бөлімінің бақылаушысын тексеру кезінде жасырынған 2 ұялы телефон, 2 құлаққап пен белгісіз сұйықтық құйылған 2 пластмас шөлмек, ақ түсті 140 дана белгісіз дәрі тәркіленді. Тексеру кезінде бұл заттарды ұрлыққа қатысты іс бойынша тергеуде отырған азаматқа апара жатқандығы анықталды, - деп хабарлады ҚАЖД баспасөз-қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Фархат АБИЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру