Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы Қазақстандағы анасын тапты

29 мамыр 19:39 3308 рет қаралды

2011 жылы америкалық отбасы асырап алған Эйжа (Асия) Берген (Asia Berger) туған анасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

"Мен туған анаммен қауыштым. Біз бақыттымыз. Барлығыңызға рақмет", - деп жазды қазақ қызы.

Еске салайық, Эйжа Берген 2000 жылы 28 наурызда туған. Оның азан шақырып қойған аты - Салтанат. 2001 жылы қазақ қызын Семейде америкалық отбасы асырап алған және өздері Эйжа деп атаған. Қазіргі таңда Эйжа Флорида штатында тұрады.

Дереккөз: Tengrinews.kz 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру