Полицей таратқан маскадан бас тартпаңыз

29 мамыр 11:55 967 рет қаралды

27 мамырдан бастап Атырау патрульдік полициясы қызықты акция өткізуде: олар көліктерді тоқтатып, маскасы жоқ жүргізушілер мен жолаушыларға қорғаныс маскаларын таратып жүр.

- Мұндағы мақсат - құжаттарды тексеру емес, карантин шараларын сақтау қажет екендігін еске салу және маскаларды тегін тарату, - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰҚТАРОВА. – Карантин режимі кезінде осындай акция Департамен басшысының нүсқауымен екінші рет өтіп отыр. Бірінші акция сәуірде болған еді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Суреттерді Полиция департаменті ұсынды





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру