​Францияда 5 мыңға жуық адам коронавирустан сауығып кетті

27 наурыз 15:54 1005 рет қаралды


Францияда вирус құрбандары мен науқастардың қатары артып барады. Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша елде 1 мың 700-ге жуық адам коронавирус дертінен жан тапсырды. Алайда құлан таза айыққандар да жоқ емес. 

Осы елдің денсаулық сақтау ұлттық агенттігінің басшысы шамамен 5 мың тұрғын емделіп ауруханадан шыққанын хабарлайды. Десе де, вирустың жайылуы тоқтар емес. Қазір елде 29 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Науқастардың саны соңғы тәулікте өткен күндермен салыстырғанда 16 пайызға артып отыр. Ауруханаларда 3 мыңнан астам адам ауыр халде жатыр. 

Джером Саломон, денсаулық сақтау агенттігінің басшысы: 

- Қазір жағдайы мүшкіл науқастардың 34 проценті 60 жасқа толмаған адамдар. Ал 58 пайызы 60 пен 80 жас аралығындағы азаматтар. Абырой болғанда ем-дом қабылдап сауығып кеткендер де бар. Осы уақытқа дейін 4948 адам аман-есен өз үйлеріне оралды. Сондықтан үміт үзбеу керек. Кей адамдар тіпті үйлерінен шықпай емделіп жатыр.

Дереккөз: 24.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.