Қордайдағы жанжалға қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

11 ақпан 10:12 465 рет қаралды


Бүгін Үкімет отырысына келген Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің директоры Санжар Әділов Қордай ауданында болған жағдайда қатысты пікір білдірді.

«Жамбыл облысы полиция департаменті территориалдық бөлімшелері 25-тен астам қылмыстық іс қозғады. Олар - жаппай тәртіпсіздік, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу, шақыру баптары бойынша қозғалды. 6-дан аса іс бұзақылық бабы бойынша, 3 қылмыстық үшін өзгенің дүниесін бүлдіру, 10 іс кісі өлтіру, 2 іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша жүріп жатыр. Қазір құқық органдары сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 201 бабына сәйкес, тергеу туралы басқа мәліметтерді жариялауға, ұсталғандардың санын айтуға болмайды. Бірқатар күдікті ұсталғанын растаймын. Оларды қамау туралы өтінішхатты прокуратура органдары қолдады. Қазір сот санкциясымен бірқатар азамат тұтқындалды», - деді ол.  

БАҚ өкілдері Санжар Әділовтен төбелестен кейін ұсталып, қайта босатылған 47 адам туралы сұрады.

«Расында да құжатсыз жүрген адамдардың кім екенін анықтау үшін ұстап, қылмыстық есепке тіркелді. Оларды жедел тексеріп, аталған іске қатысып болмағаннан кейін босаттық», - деді бұған қатысты.

Санжар Әділов бұл іске Серік Жаманаевтың (қылмыстық лақапаты - «Серік-голова») қатысы бар деген әңгімеге қатысты да пікір білдірді.

«Серік Голова бойынша дерек бере алмаймын. Өйткені бұл қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеуде», - деп айтты ол.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.