Қасым-Жомарт Тоқаев: Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек

21 қазан 2019 14:28 823 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшсында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Дереккөз:  Іnform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.