Нұр-Сұлтанда автобус тепловозбен соқтығысты

16 қыркүйек 2019 11:21 1269 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Оқиға 13 қыркүйекте таңғы уақытта болған, алайда ЖКО видеосы Желіде бүгін жарияланды.  

"Пушкин көшесінің бағытында Жетіген көшесінің бойында № 53 бағытта жүретін автобус пен тепловоз соқтығысты. Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды", - деді "Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева. 


"Автобуста жолаушылар болмаған. Осы автобустың жүргізушісі соңғы аялдамадан жаңа рейске шығып жатқан", - дейді ол. 


Автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, тексеру жүріп жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.