Гонконг тұрғындары кезекті мәрте жаппай ереуілге шықты

9 қыркүйек 11:51 700 рет қаралды


Гонконг тұрғындары кезекті мәрте ереуілге шығып, наразы топ полициямен қақтығысты. Politico басылымының мәліметінше, Козуэй-Бэй ауданында тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданған. Ал Вань Чай ауданында акцияны ұйымдастырушылар жолға бөгеттер қойып, көлік қозғалысы тоқтатылған. 

Гонконгтегі жаппай наразылық шерулері маусымда басталған. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы. Осы сынды ауқымды наразылық шеруі Гонконгте 1997 жылдан бері болған емес. Сол тұста Британия үкіметі Гонконгті Қытай үкіметінің айрықша басқару тәртібіне өткеріп берген болатын. Бұған наразы жүз мыңдаған адам көшеге шығып, ҚХР билігін қабылдауға қарсы наразылық білдірген. Гонконгта жергілікті әкімшілік басшысы Кэрри Лам заң жобасын күн тәртібінен алып тастау туралы шешім қабылдады, бірақ бұл үкіметке қарсы наразылық толқынын тоқтатпады. 

Гонконгте апта сайын жалғасын тапқан халық шерулерін БҰҰ өкілдері, шетелдік агенттіктер бақылап отыр. 

«БҰҰ Гонконг әкімшілігі аумағындағы ереуілдерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі қолда бар материалдарға қарап тәртіп сақшылары наразы халықты тарқату үшін халықаралық нормаға сай келмейтін құралдарды қолданғанын көрдік. Сондай-ақ, жабық нысанда көз жасаурататын газ шашқан. Бұл адам өміріне қауіп төндіретін жағдай. Гонконг билігінен тұрғындарға қарсы күш қолданбауды талап етеміз. Полиция бұл әрекетімен ереуілшілерді одан сайын ызаландыра түседі. Мәселені күшпен шешудің қажеті жоқ», – дейді БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша өкілі Руперт Колвилл.

Дереккөз: qazaqtimes.com 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.