2019 жылғы магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

25 тамыз 09:55 495 рет қаралды


Биылғы магистратура гранты иегерлерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін орындаушы Дидар Смағұлов.

"Грантты компьютер бөледі, бірақ мұның маңызын түсіне отырып, әр тізімдемені қайта тексеріп шықтық, ал бұл – 12 000-нан астам жазба. Өйткені біздің орталық талапкерлердің құқығын бірінші орынға қояды", - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook парақшасында.

Атап өтсек, тестілеу нәтижесін Testcenter.kz сайты немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.

Ұлттық тестілеу орталығы өкілінің айтуынша, биыл 9 701 грант таратылды. Бірінші кезеңнен артылған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша үлестіріліпті. Ал 3 108 грант бюджетке қайтарылады.

Дереккөз: sputniknews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру