«"Теңгені 30 пайызға девальвациялауға тура келеді"», «Серікжан Біләш: "Туысы қысым көріп жатқан барлық қазақтың аузын жаба алмайды"», «Белсенділер пикеті. Тозған мектеп. Тұрғындармен соттасқан әкім», «Әкесі шенеунік болған шенеуніктер».

19 тамыз 12:25 2613 рет қаралды

AZATTYQ.ORG «Серікжан Біләш: "Туысы қысым көріп жатқан барлық қазақтың аузын жаба алмайды"» - Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі аз ұлттарға қысым туралы мәселе көтеріп, кейіннен "алауыздықты қоздыру" бабымен жауапқа тартылған белсенді Серікжан Біләш соттан кейін Азаттыққа сұхбат берді.

«"Түсімде орманға қарай жүгіргендерді көремін". Әскери қоймадағы жарылыстан соң» - Ресей әскерилері Красноярск өлкесі Ачинск қаласы маңындағы Каменка ауылында қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Бұл жерде төтенше жағдай әлі күшінде. Алғашқы эвакуациядан соң үйлеріне қайтуға рұқсат алған тұрғындар жарылыстар қайта басталғанда үйін тастап қашуға мәжбүр болған.

«Белсенділер пикеті. Тозған мектеп. Тұрғындармен соттасқан әкім» - Осы аптада аймақ басылымдары саяси тұтқындарды босату талабымен өткен бір адамдық пикеттер, тұрғындармен соттасқан әкім және үш ауысымда оқытуға мәжбүр мектептер туралы жазды.

«Северодвинскідегі жарылысқа кім кінәлі?» - Ресейдің Архангельск облысындағы Северодвинск қаласында болған апатқа ядролық отынмен жұмыс істейтін дыбыстан жоғары жылдамдықпен ұшатын зымыран жарылысы себеп болған деген болжам айтыла бастады. Бірақ бұл пікірмен келіспейтіндер де бар.

QAMSHY.KZ. «"Теңгені 30 пайызға девальвациялауға тура келеді"» - Bank of America (BofA) сарапшылары «алдағы уақытта біраз елдерге ұлттық валютасын  30 пайызға құнсыздандыруға тура келеді» деп мәлім етті.

ABAI.KZ. «Әкемтеатр мемлекеттік тілге атүсті қарап отыр...» - 14 тамыз күні сайтымызда "Орысша білмесең Әкемтеатрға жұмысқа тұра алмайсың..." атты мақала жарияланды. Онда М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры "бақылаушы" қыздарды жұмысқа алуда олардың орыс тілін еркін меңгеруін талап етіп отырғаны жазылған.

ZHASALASH.KZ. «Әкесі шенеунік болған шенеуніктер» - Өткен жолы ақын-жазушылардың отбасынан шыққан шенеуніктер мен әкесі де, өзі де әкім болғандардың бір парасын назарларыңызға ұсынған едік. Енді әке жолын қуып, мемлекеттік іске араласқан, яғни өздері де, әкелері де шенеунік болған кісілердің тізімін жасап көрдік.

«Жазушылар ұялмай оқуға ұсынатын шығарма жаза алмады» - Халықтың рухани өмірінде ұшырасатын кедергілердің түпкілікті себептерінің көбін ашып беретін ғылыми қызметтің екінші түрі – әлеуметтік лингвистика. Руханияттың жағдайы алдымен тілдің, сол тілде жасалған мәдениеттің, беріліп жатқан білімнің, таралып жатқан ақпараттың, тұтастай алғанда, сол тілдегі менталдық сөздік қорды пайдаланып жасалған контенттің сапасымен айқындалады.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.