Әзірге «Газельдер» жүре береді

17 шілде 2019 18:30 7559 рет қаралды

1. - №57 маршрут «Дина» базарынан Дамбы ауылына дейін қатынайтын ең ұзақ маршрутың бірі. Ми қайнатар ыстықтарда салқындатқышсыз, ескі автобуста сағаттап отыру жолаушыларға қиынға соғады. Бұл маршрутқа жаңа автобустар беріле ме?

2. - Атырау ықшамауданынан қалаға қатынайтын №10 маршрутты таңертең жұмысқа келу үшін 40 минут күтеміз. Кейде жолаушының көптігінен газель кейбір аялдамаларға тоқтамай кететіні бар. №10 маршрутқа жаңа автобустар қашан беріледі?

Тұрғындардың сауалына «Смарт Атырау» КМК басшысы Әділбек ТАНКИЕВ жауап берді.

№57 маршрутқа жаңа автобус шығару биылдың жоспарында жоқ. Бұрынғы маршруттардан қалған ескі автобустар мен газельдерді халық көп қатынайтын маршруттарға қосу арқылы санын арттырамыз. Ал, №10 маршрутқа жылдың соңына дейін жаңа автобустар беріледі деген жоспар бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.