​10 маусымда митинг кезінде 200 адам полицияға жеткізілді

11 маусым 2019 09:52 1157 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда болған митингінің видеосы жарияланды Нұр-Сұлтан мен Алматыда кеше, 10 маусымда митинг кезінде полицияға 200 адам жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Сондай-ақ, ІІМ баспасөз қызметіндегілер Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірді. 

"Біз осыған дейін де хабарлағандай, полиция қызметкерлері, Ұлттық гвардия мен ІІМ бөлімшелері қоғамдық қауіпсіздік деңгейін бірқалыпты ұстап тұрды, нәтижесінде азаматтар президент сайлауы кезінде еркін түрде дауыс берді. 9 903 сайлау учаскесінің бірде біреуінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірген болатын. Президент кейбір азаматтардың өздерін лайықсыз ұстап, полиция қызметкерлерін арандатқанын және нәтижесінде оларға қатысты қажетті шаралардың қолданылғанын айтқан еді.

Дереккөз: tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.