Екі ит талаған қыздың өліміне қатысты полиция түсінік берді

30 наурыз 2019 09:35 1121 рет қаралды


Алматы полициясы иттер талап өлтірген 3 жасар қыздың өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алатау аудандық полиция басқармасы қайғылы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркеуге алды.

«Үш жастағы қызды  өз ауласында ротвейлер тұқымдас екі иті талаған. Қайғылы оқиға болған кезде әкесі үйде болған. Ветеринарлық қызмет өкілдері иттерді аулап, алып кетті. Іс бойынша сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Аталған бап бойынша егер ит иесі кінәлі болса, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Еске салсақ, Самғау шағын ауданында болған қайғылы оқиға туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.