​Шахтинск қаласында полицей көлігімен адам қағып кетті

1 қазан 2018 15:07 821 рет қаралды


Қарағанды облысында полицей ер адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 30 қыркүйек сағат 00.51-де Қарағанды - Шахтинск автожолында Шахтинсктан сегіз шақырым жерде болды. 

"BMW 525 автокөлігінің жүргізушісі, ІІМ Қарағанды облысы бойынша МКҚБ (Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы) батальонының 28 жастағы полицейі Шахтинсктің 25 жастағы тұрғынын қағып кетті", - деп хабарлады ІІД мамандары. 

Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.