Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті

17 наурыз 2017 10:20 913 рет қаралды


Еуроодақ билігі Facebook, Google және Twitter желілеріне өз қызметтерін еуропалық стандарттарға сәйкестіндіру үшін бір ай уақыт берді. Егер мұндай болмаған жағдайда компанияларға айыппұл салынады, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.  

Агенттік мәліметі бойынша, 2016 жылдың желтоқсанында компанияларға олардың кейбір қызметтері еуропалық тұтынушылар құқығын қорғау заңдарына қайшы келетіні туралы хабарлама жіберілген.  Бұл жағдай туралы компания өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген.  Бұл мәселеге қатысты компания өкілдерімен кездесу өтіп, онда мәселені шешу жолдары ұсынылған.  Еурокомиссия талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салу шарасына қолдау білдірді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.