"Тоқтар Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі екені белгілі болды (фото)". "Украинадан Қытайға жол тартқан пойыз Қазақстанда жоғалып кетті". "Орталық Азияда қиын кезең басталды". "Анкара мен Мәскеу арасындағы дау қайта тұтанды". "Тегіңізді қазақша өзгерту үшін".

1 ақпан 2016 15:18 5889 рет қаралды

KORRESPONDENT.KZ. "Тоқтар Төлешов 13 ұл-қыздың әкесі екені белгілі болды (фото)" - "Террорлық қатерлерді сараптау орталығының» директоры Рамиль Латыпов танымал бизнесмен Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасай отырыпforbes.kz хабарлады.

"«Қазақстандықтар» Қабатовтың қазақты одан әрі мазақ еткенін қалап отыр" - Газетіміздің 15 қаңтардағы нөмірінде «Әзілдің де әзілі бар» айдарымен жарияланған «Тұрсынбек, қазақты мазақ еткенді қашан қоясың?» атты мақаламызға оқырмандар тарапынан көптеген пікірлер айтылды. Әрине, көпшілікті қыран-топан күлкінің астында қалдырып жүрген әртіске «болысқандардың» саны өте көп болғанын жасырмаймыз. Ұдайы «БАҚ – төртінші билік» деген сөзді қаперінен шығармайтын көпшілік, көпке ортақ азамат туралы сөз қозғай қалғанымызда жер-жебірімізге жетуді де ұмытқан жоқ.

SN.KZ. "«Дед» депутат Мәжіліске қайтып келе ме?" - Депутаттардың ішінде кәрі қасқырлардан гөрі, жас бөрілер көбірек назарға ілінетін сияқты. Бір жағынан, бұл олардың өздерінің көп көрінуге тырысуынан. Екінші жағынан, көрінем деп жүріп, артық айтып қоятынымен де байланысты. Мысал ретінде 23 ақпан күнімен Мәжіліс депутаттарын құттықтаймын деп әріптестерінің және қоғамның сынына ұшыраған жас депутат Тәңірберген Бердоңғаровты айтуға болады. Мәжілістің ең жас депутаты атанған Ерқанат Тайжанның басы сотқа ілініп, мандатынан ұятты жағдайда айырылғаны да жарқын бір мысал.

"Украинадан Қытайға жол тартқан пойыз Қазақстанда жоғалып кетті" - Жоғалған жүк пойызы Украинадан Қытайға еуропалық тауарларды тасымалдамақ болған. Ресейді айналып өтпек болған ол Қазақстан аумағындағы жаңа "Жібек жолы" бағытымен қозғалған көрінеді.

"Парламент Мәжілісіне 4-ші болып қай партия өтеді?" - Күні кеше Қ азақстан орталық сайлау комиссиясы елімізде ресми тіркелген 7 партияның тізімін жариялады. Олардың ішінде «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы), Қазақстан коммунистік халық партиясы және «Нұр Отан» партиясы бар. Аталған партиялар 19 ақпанға дейін сайлауға қатысатынын ОСК хабарлауы керек. Егер кейбір партиялар сайлауға қатыспаса, олардың басына қара бұлт үйірілуі мүмкін.

AZATTYQ.ORG. "Азат Перуашевтың саяси трансформациясы" - Қазақстанның саяси сахнасына шыққалы бері Азат Перуашев президентшіл үш партияға мүшелікке өтіп, екеуіне төрағалық етті, соңғы таратылған парламент мәжілісіне депутат болды. Қазір ол басқаратын «Ақ жол» партиясы тағы бір сайлауға дайындалып жатыр.

рталық Азияда қиын кезең басталды" - Орталық Азия аймағында экономикалық дағдарыс басталатыны күні бұрын белгілі болғанымен, биліктегілер оның салдарын азайтудың амалын таба алмай отыр.

"АҚШ-тағы президент сайлауы ерекшеліктері" - АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашада өтеді, бірақ сайлау науқаны қазірдің өзінде қызып тұр. Республикашылар мен демократтар ішінде президенттікке кандидат болуға тартыс өтіп жатыр. Олардың арасынан біреуі Ақ үйдегі Барак Обаманың орнын басады.

"«Қазақ арманының» ақыры және мұнай дағдарысы" - Батыс баспасөзі «Қазақ арманы» идеясы көп ұзамай құрдымға кетуі мүмкін деген болжам жасап, қаржылай көмек кімге берілетінін және Қазақ хандығы жайлы жаңа тарихи сериалды талдаған.

"«Путинизм», «ИМ» және либерал-демократия" - Саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма либерал-демократияға балама тапқысы келетін Ресей президенті Владимир Путин мен «Ислам мемлекеті» тобының іс-әрекеттерінен ештеңе шықпайды деп санайды.

QAMSHY.KZ. "Саңлақ саясаткер сахна жұлдызының артына тығыла ма?" - "«Жүре берсең, көре бересің» деген рас екен. Жылдан жылға саяси маңызы кеміп бара жатқан қазақстандағы сайлау жүйесі мына Мәжілістегі орынтақ үшін таласта да біраз күлкіге ұшырайтын түрі бар. Күлетін жұрттың алды күліп те жатыр. Осы орайда ерінбеген сөз етіп жатқан әнші, спортшы мырзаларды қоя тұрып, солардың тасасына тығылған, мемлекеттік басқару жүйесінде кемі он жылдан артық тәжірибесі бар «саңлақ» саясаткерлер туралы аз-маз сөз қозғасақ дейміз."

"Ерболат Қошқарбаев елбасы мен "Нұр Отанның" атына "ашулы" хат жазды" (толық мәтін) - Фейсбук әлеуметтік желісінде тарихшы, журналист Ерболат Қошқарбаев Елбасы мен «НұрОтанның» атына хат жазды. Хатта «Ашынып отырып жазғандықтан постыда эмоционалдық, пафосты тұстар мен субъективті ойларым бар екенін ескерте кетейін» делінген. Жазбаның негізгі мазмұны кезекті Парламент сайлауына «НұрОтан» партиясынан ұсынылған кандидаттарға арналған.

"В.Путин: Сауд Арабиясы лаңкестерді қолдауын тоқтатпаса, Ресей оны бомбалап, орта ғасырларға апарып тастайды" - Ресей басшысы Владимир Путин Сауд Арабиясының Сириядағы ахуалға араласып отырғанына бей-жай қарамайтынын мәлімеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Реальные новости» ақпараттық сайтына сілтеме жасап. Бұрынырақ Ресей басшысы Саудия әлемде бейбітшілік орнатуға кедергі келтіріп отыр деп айыптаған еді.

ABAI.KZ. "Енді Алаш тарихын жоққа шығарғанын күтіп отырмыз ба?" - Біздің билік Әлихан Бөкейхан мен тұтас Алашты Путиннің кезекті рет жоққа шығарғанын күтіп отырған сияқты. Ғалымдар мен ұлт зиялыларының жазған хатына байланысты Үкіметтің сырғытпа жауабына қарап отырып осыны ойладық.

"Анкара мен Мәскеу арасындағы дау қайта тұтанды" - Ресей мен Түркия арасындағы өткендегі жанжалдың дауы аяқталмай жатып (қараңыз: http://abai.kz/post/view?id=5628 ), Ресей қарулы күштері Түркия әуе кеңістігін тағы да бұзды. Бұл туралы түркиялық және ресейлік БАҚ жарыса хабар таратуда.

EGEMEN.KZ. "Құрлықтар қауіп-қатер құрсауында" - ОПЕК беделіне көлеңке түсті. ОПЕК өзінің көшбасшысы Сауд Арабиясына ықпал ете алмағаннан кейін картельге мүше емес басқа елдерді мұнай өндіруді азайтуға шақыруда. Ұйымның бас хатшысы Абдалла Әл Бадри мұнай бағасының құлдырауын тоқтатуға және «алыпсатарлармен» күресуге ірі мұнай өндіруші барлық мемлекеттердің қатысуы қажеттігін атап көрсетті.

SERKE.ORG. "Мұхтар Шахановты 180 градусқа бұрып жіберген кім?" - Бүгін Алматыдағы «Көктөбе» демалыс кешенінде оппозицияшыл Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) сиезі өтті. Таңғы сағат 11 шамасында жиынға қатысуға «Қазақ ұлттық кеңесінің» төрағасы Мұхтар Шаханов өзінің бес орынбасарының бірі Еркін Рақышев пен көмекшісі Нұржан Ошанбекті ертіп келген. Бірақ сиез өткелі жатқан ғимараттың кіреберісінен кері бұрылып, жиынға қатыспай кетіп қалды. Қазір кейбір қазақтілді сайттар Мұхтар Шахановтың ЖСДП сиезіне келіп тұрып неге кетіп қалғанын оқырмандарына түсіндіре алмай жатыр. Serke.org сайты өзінің «Қазақ ұлттық кеңесіндегі» дереккөзінен алынған мәліметтерге және оқиға орнында болған адамдардың сөзіне сүйеніп, жағдайдың жай-жапсарын анықтады.

"Шымкенттегі арнайы операцияның мән-жайы белгілі болды" - Шымкентте 30 қаңтарда өткен арнайы операцияның нәтижесінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов ұсталды. Оның тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және кітаптар табылып, тәркіленген. Арнайы операция жүргізілген Шымкент сыра зауытының қызметкерлері оның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

QAZAQUNI.KZ. "Өлсін десең өнерім, депутат бол, өренім" - Мәжіліс сайлауы басталып, партиялар құрылтайларын өткізе бастағалы елдің бәрінің назары ұлтымыздың болашағы саналатын жас та талантты тұлғаларда – әншілерде, спортшыларда. Олар осы жиындарға қатысқандарына тура бір Мәжілістің төріне отырып үлгергендей мәз-мәйрам. Бір де біреуі «қой, қайтемін депутаттықты, менің өмірдегі орным билікте емес, өнерде ғой» демейді. Қайта Қайрат Нұртас пен Серік Сәпиев секілді «сайласа істеймін, қолымнан келеді» деп құлшынып отыр. Біз де олардың «қолынан келмейді» деуден аулақпыз. Көре алмаушылық туралы тіпті сөз жоқ. Дегенмен, Наполеондай қарадан шығып хан болған жанның: «Адамзат баласына келетін бәленің бәрі әр адамның өз орнын тауып отырмауынан басталады» деген данышпандық сөзін ұмытпағанымыз жөн болар.

TURKYSTAN.KZ. "Тегеран әлемде іскерлік қатынас орнатуға мүдделі" - Мешін жылы парсы елі үшін жақсы жаңалықтармен басталды десе болады. 2015 жылдың 15 шілдесінде Иран мен «алтылық» елдері арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз аяқталып, тараптар келісімге келген-ді. Ол келісім бойынша Иран мемлекеті өз аумағындағы ядролық нысандарға МАГАТЭ-нің (Халықаралық атом энергиясы агенттігі) тексерушілерін жіберуге, ал Батыс елдері Иранға салынған санкцияларды біртіндеп алып тастауға міндеттелген болатын. 2016 жылы, 16 қаңтарда МАГАТЭ Иран үкіметі ядролық бағдарламасына қатысты мойнына алған халықаралық міндеттемелерді орындағаны туралы хабарлады. Бұл – БҰҰ, АҚШ және Еуропа Одағы елдерінің Иранға салған санкцияларының күшін тоқтатты деген сөз. Содан 6 күн өткенде Жапония да Иранға салған санкциясының күшін жойды.

"Қонақүйдегі өлімнің құпиясы" - Өткен аптада Лондон жоғары соты соңғы он жылда Ресей мен Ұлыбритания қарым-қатынасын шиеленістіріп жіберген атышулы оқиға – «Литвиненко ісі» бойынша жүргізілген зерттеудің қорытынды есебін жариялады. 2006 жылдың 1 қарашасында Лондондағы Millennium қонақүйінің мейрамханасында не болғанын, бұрынғы әріптестері Дмитрий Ковтун мен Андрей Луговоймен кездескеннен кейін Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бұрынғы офицері Александр Литвиненконын жағдайы неліктен күрт нашарлап кеткенін, өліміне себепші болған радиоактивті полоний-210 оның ағзасына қалай түскенін егжей-тегжейлі түсіндірген құжат жарияланғанда талайлардың ұйқысы қашты. Әйтсе де, Лондонның айыптауларына Мәскеу мазасыздана қойған жоқ.

ULT.KZ. "Алматы әкіміне жолданған зиялылар хаты аяқасты болды" - Биыл — Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы. Алашорда көсемінің мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы шешім қабылданғаны баршаға аян. «Ақ жол» партиясы белсенділері «Алашорда» көсемінің мерейтойын өткізу жөнінде бастама көтерген еді. Алайда үкіметтегілерден қайыр болмады. Әлиханға ақша тауып бере алмай, жылы жауаппен құтылды. Сөйтіп, Бөкейханұлының 150 жылдығын қазақ елiнде атап өтуге бюджеттен көк тиын да бөлiнбейтін болды.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Амангелді Айталы: Әншілер мен спортшылар дауыс жинау үшін ғана керек" - Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде халықты депутаттыққа үміткер азаматтардың тізімі жұртты таңдандырды.

"Тегіңізді қазақша өзгерту үшін" - Соңғы кездері қазақ азаматтарының арасында -ов, -ев, — ова, — ева секілді өзінің тегіне жармасқан жалғаулардан арылғысы келетіндер көбейіп келеді. Осы орайда оқырмандарымызға аталған мәселені оңай шешу үшін аз-кем ақпарат береміз.




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.