"Кеңесші Тони Блэрдің табысы еселенді". "2016 жылдың басты қатерлері". "Берік ӨТЕМҰРАТ, Ұлттық инвестициялық корпорация басшысы: Ұлттық қор алты жылда сарқылады". "Қазақ хандығы: діннің ықпалы неге айтылмайды?".

11 қаңтар 2016 12:22 1770 рет қаралды

INFORM.KZ. "Қытай ел ішінде валюта сатуға шектеу енгізді" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай билігі юаньға қысымды азайту және капиталдың сыртқа жылыстауын қысқарту үшін ел тұрғындары мен компанияларға валюта сатуға шектеу енгізді, деп хабарлайды vestifinance.ru.

AZATTYQ.ORG. "Қырғызстандағы неке қию және молда" - Қырғызстан депутаттары неке қиғаны үшін молдаға жауапкершілік жүктеуді ұсынады. Кейбір бақылаушылар мұндай бастама бұрын да көтеріліп, бірақ аяқсыз қалғанын айтады.

"«Жұрт гей достары барын айтудан қорқады»" - Өскемендік гей жігіттің қазасы түрткі болған зерттеудің алдын ала қорытындысы Қазақстанда жыныстық азшылық өкілдеріне төзімділік таныту ахуалы нашар екенін аңғартады.

"Үш кәсіпкердің билікпен соттасу әуре-сарсаңы" - Алматы облысында жергілікті билікпен соттасуға мәжбүр болған кей кәсіпкерлер «қадағалау органдарының біліксіздігінен экономикалық ахуал нашарлап кетті» дейді.

"Кеңесші Тони Блэрдің табысы еселенді" - Ағылшын басылымдары Тони Блэр компанияларының кірісі молайып, бұрынғы премьерлерге британ елшіліктерін жеке мақсатына пайдалануға тыйым салынғаны және жихадшылар жөнінде Блэрге айтылған ескерту жайлы жазған.

EGEMEN.KZ. "Төреші Тофик Бахрамовтың тура шешімі" - Биылғы жылы Англия құра­масының әлем чемпионы атанғанына тура 50 жыл толады. Қазір осы айтулы оқиғаға байланысты Ұлыбританияда үлкен тойға дайындық жұмыстары қызу басталып кетті. Соның шеңберінде Sky Sports телеарнасы 1966 жылы Лондонда өткен футболдан әлем чемпионатының Англия мен ГФР арасындағы финалдық матчта талас тудырған голдың да «тағдырын» шешіп берді. Бұрнағы күннен бері әлеуметтік желідегі басты тақырыптардың бірі осы болып отыр.

"Тұманды Альбион елінде" - Бұл қаланың аты – Ковентри (ағылшынша – Coventry). Елдің шығысында орын тепкен Уэлст-Мидлендс атты ағылшын граф­тығы. Мұнда фабрика өнеркәсібі ерекше дамыған: әсіресе әртүрлі үлгідегі шляпа тігу өнері барынша жолға қойылған. Сонымен бірге мұнда сағаттар, велосипедтер, тігін машиналары шығарылады. Тіпті, кілемдер мен түрлі ленталар да жасалып келіпті.

"Дулати және Қазақ хандығы" - Кез келген ғылыми тұжырымның өміршең болуы – оның деректік негізіне байланысты.Әрбір зерттеуші дерек мәліметіне жеке, өзіндік пікір айтып, өз бетінше пайым жасауы мүмкін, бірақ дерек мәліметі өзгермейді. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде айтатын пікірлердің бәрі бір ғана дерек мәліметіне сүйенеді. Ол – Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалардың Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан атты мемлекеттің батыс жағындағы Шу бойы мен Қозыбасы аралығындағы жерге қоныстанып, жеке хандық құрғандығын баян­дайтын жазба дерек мәліметі. Бұл тарихи дерекке дейін ешбір ортағасырлық еңбектерде ол жөнінде айтылмайды. Ал одан кейін Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын мәлімет XVII ғасырдың авторы Махмуд бен Уәлидің тарихи шығармасына енгізіледі.

QAMSHY.KZ. "Берік ӨТЕМҰРАТ, Ұлттық инвестициялық корпорация басшысы: Ұлттық қор алты жылда сарқылады" - Қазақстанның Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық инвестициялық корпорация басшысы Берік Өтемұратовтың алдағы 6-7 жылда Ұлттық қор қаражаты түгесіледі деген пікірін американдық Wall Street Journal өткен жұма күні жариялады. «64 миллиард долларлық сұрақ: ҚР Ұлттық қоры жойыла ма?» деген тақырыппен жарияланған мақалада Ұлттық банк өкілінің Қазақстандағы қазіргі қаржылық ахуалға қатысты пікірлері айтылады. Оның сөзіне сенсек, қазір Ұлттық қорда 64 миллиард доллар қаражат бар көрінеді және ол ақша мұнай бағасының арзандауынан қорға түсетін қаражаттың кемуі, ел Үкіметінің экономикалық бағдарламаларға қор қаражатын көп жұмсауы салдарынан алдағы 6-7 жылда сарқылатын көрінеді.

"2016 жылдың басты қатерлері" - Лаңкестердің үздіксіз шабуылы, Батыс пен Ресей арасындағы «қырғи-қабақ соғыс», мигранттардың толассыз ағыны, қытай экономикасының әлсіреуі және Еуропа одағынан Ұлыбританияның шығуы – әлем сарапшылары 2016 жылға арналған осындай саяси болжамдарымен бөлісті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Baq.kz–ке сілтеме жасап. Босқындардың Еуропаға ағылуы, Ресейдің «Ислам мемлекетімен» шайқасы, 130 адамның өмірін қиған Париждегі Charlie Hebdo редакциясына жасалған және басқа да лаңкестік шабуылдар – мұның бәрі сарапшылар мен саясаткерлердің 2015 жылға жасаған болжамына кірмеген тосын оқиғалар болатын. РБК Ресей және шетелдік сарапшылардың 2016 жылдағы халықаралық саясат және әлемге төмуі мүмкін сын-қатерлер жайында білдірген пікірлерін топтастырып ұсынуда.

ABAI.KZ. "Қазақ хандығы: діннің ықпалы неге айтылмайды?" - Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуына қатысты бар тарихи шындық өз деңгейінде ашылмай келе жатқандығын жалпы халық түгіл кәсіби тарихшылардың өзі сезіне бермейді. Оның себебі, қазіргі күні көпшілікке белгілі ортағасырлық дереккөздеріне сүйенген әрбір тарихшының қазақ хандығының негізін қалаған, Қазақ хандығы деген мемлекетті қалыптастырған Керей мен Жәнібек хандар деген тұжырымға келетіні даусыз. Алайда, Қазақ хандығының алдындағы ізашары болған, Өзбек ұлысында орын алған діни-рухани үдерістердің бір мемлекеттің үшке бөлінуіне, бір халықтан рухани-мәдени болмысы мен салт-дәстүрі бөлек үш халықтың қалыптасуына ықпал еткен басты фактор болғандығына біздің тарихшылар әлі күнге мән бермей келеді.

TURKYSTAN.KZ. "2016 жылдан не күтеміз?" - Қазақша жыл санау үрдісіне сай мешін жылы әлі есік ашқан жоқ, әз – Наурызда табалдрықтан маңғаздана аттайды. Бірақ әлемдік есепте кезекті күнтізбелік жыл тарих қойнауына енді. 2015 жылы аяқталмаған талай шаруа 2016 жылдың еншісіне қалды. Сириядағы соғыс, Еуропадағы мигранттар дағдарысы, Ресей мен Батыс арасындағы экономикалық санкциялар, Украинадағы тұрақсыздық, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы, әлемдік экономика өсімінің тежелуі, дамушы нарықтардағы тоқырау, тіпті кері кету – ғаламдық деңгейде қордаланып тұрған түйткілді мәселелер жетерлік.

"Қайта оралған Құнанбай" - Қазақ кинокөрермендері шынайы кейіптелген, жан-дүниесі шарық ұрған Құнанбаймен қауышты. Өз заманының «шынжыр балақ, шұбар төс» шонжары, қатал да қаһарлы Құнанбай – режиссер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов басты рөлді өзі сомдап түсірген «Құнанбай» фильмінде ізгілік пен туралықтың тұтқасы, ел қорғаны ретінде кесек тұлғасымен қазаққа қайтып оралды.




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.