Атырау, 18 ақпан 00:25
Таңертең бұлыңғыр болады-7, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 320.42  € 400.01  P 5.66

Барлық дәйексөздер

14 ақпан

ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ:

- Қазіргі уақытта жобаны Еуропа қайта құру және даму банкінің несиелік қаржысымен қаржыландыру мәселесі бойынша келіссөздер қызу жүріп жатыр.

(Еліміздің батыс өңірлерінен орталық пен солтүстікке газ құбырын салу туралы үкімет отырысында айтылды) 



7 ақпан

Адвокат Джохар УТЕБЕКОВ, Алматы қ.:

- Астана әкімінің орынбасары, дені сау еркек, 1,1 млрд. Мүлігін тәркілеусіз айыппұл салынды. Тіпті параны да өзіне қалдырды. Маман, егде тартқан әйел, 28 мың теңге. Мүлігін тәркілеу және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру. Соттағы әділдік қайда? Неге бізде вагондап ұрлаған тиімді?

(Facebook-тегі парақшасында айтылды)



31 қаңтар

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ:

- Осындай тексерулер кезінде дипломдардың сәйкессіздігі де анықталады. Өткен жылы осындай 10 факт табылды... Бастапқыда адамдар бір лауазымға өтініш береді де, кейіннен анағұрлым жоғары лауазымдарда - менеджерлер, супервайзерлер, учаске шеберлері болып жұмыс істейді... Сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық жұмыс күштерінің ара-қатынасы сақталмаған фактілер де бар. 

(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды)



24 қаңтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Облыстық және аудандық мәслихаттардың кейбір депутаттары өз өкілеттіктерін орындамайды. Облыстық мәслихаттың 27 депутатының жартысына жуығы қалалық округтер бойынша сайланған. Өкінішке орай, қалада тұратын депутаттар аудандардағы ахуалдан бейхабар. 

(Облыс мәслихатының сессиясында айтылды)



17 қаңтар

Атырау қ. әкімі Серік ШАПКЕНОВ:

...соңғы кездерде БАҚ пен әлеуметтік желілерде екі бірдей коммуналдық қызмет көрсету мекемесі басшылары мен қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары қамауға алынғандығы туралы ақпарат қызу талқыға түсуде... Қала басшысы ретінде тұрғындардан кешірім сұраймын. Бұл жағдай мені қатты қынжылтты. Біз жемқорлықпен күресті үдетіп, абыройымызға нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу үшін барымызды саламыз. 

(Атырау әкімдігінің Facebook-тегі бетшесінде айтылды)



10 қаңтар

ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық БИШІМБАЕВ:

- ...тек маған ғана емес, кез-келген ел азаматына күйе жағып, жалған кінә тағып, айыпкер атауға болады. Алайда бір де бір орган, прокуратура да болып жатқан нәрсенің мәнін объективті түрде анықтағысы келмейді. Бұл берекетсіздікті тоқтатыңдар!

(Сот отырысында айтылды)



3 қаңтар

Орталық Азия демократияны дамыту қорының жетекшісі Толғанай ҮМБЕТАЛИЕВА:

- ...саяси мәселелерді күштік құрылымдар арқылы шешу сияқты процестер қазірдің өзінде болып жатыр. Менің ойымша, «транзит» басталған жағдайда бұл жақсы үрдіс емес.

(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылды) 



27 желтоқсан 2017

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Министрлерді түрмеге отырғызамыз. Бұл жақсы ма? Ешқандай. Адамдарды осындай деңгейге дейін өсіру үшін қанша уақыт керек. 

(БАҚ өкілдерімен кездесуде айтылды)



20 желтоқсан 2017

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Ұлттық комиссия қазақ тілінің латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан "апостроф" әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте.

(Twitter-дегі жеке парақшасында айтылған)



13 желтоқсан 2017

Саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ:

- Сондықтан қазір де, болашақта да бұған елге осы инвесторларды әкелген билік жауап береді және ол өз азаматтарының мүдделерін қорғайтын мемлекеттік бағдарын іс жүзінде көрсетуі керек.

(«АрселорМиттал Темиртау» шахталарындағы ереуіл туралы айтқаны)



6 желтоқсан 2017

UCL (Лондон) студенті, Microsoft-қа арналған қосымша әзірлеген Тимур ҚОЖАҒАЛИЕВ:

-  UCL-де көппіз – 200-ге жуық. Калифорния университетінен тек бір қазақ қызын білемін, басқаларымен кездеспедім. Араларында менен де ақылды студенттер бар, олардың осы жерде қазақстандық мәртебені биікке көтеріп жүргендеріне ризамын.

(«АЖ» сұхбатында айтылған) 



28 қараша 2017

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Орталықтағы (Астана) бұл тұрғын үй кварталында адамдар үйінен киім ауыстырмастан шыға алатын жабық даңғыл болады деген идеям бар. Мұнда дүкендер салынып, мәдени шаралар да өтеді. Тіпті, Торонтода және басқа қалалардағыдай, мектептер де болуы мүмкін, адамдар бір-біріне барып, араласады. Сіз осы істі қолға алып, жүзеге асыруға ниет білдірдіңіз. 

(Ақордада испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесу кезінде айтылды)



15 қараша 2017

Кәсіпкер Айдан КӘРІБЖАНОВ:

- Бәрі бітті. Жас күнінде, тоқсанға толған кезінде, кетуі керек еді. Ал 93 жасында, әрине, шектен шығу.

(Зимбабведегі төңкерістен кейін президент Мугабе туралы Facebook-те жазған пікірінен) 



8 қараша 2017

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД:

- Құрметті елбасы! ...соңғы жылдың ішінде еліміздің бюджеті 12,5 триллионға жетті, бұл 17 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 21 есе артық. 21 ғасырда әлемнің бірде-бір елінде мұндай таңғаларлық өсім болған емес.

(Партияның саяси кеңесі отырысында айтылған)



31 қазан 2017

ҚР Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі, саясаттанушы Айдос САРЫМ:

- Менің заңды сауалым бар. Латын графикасы туралы. Президенттің бүкіл бір ұлттың әліпбиін өз жарлығымен өзгертуіне құқығы бар ма? ...Яғни, президент үкіметке заң әзірлеуді және жобаны парламентке енгізуді тапсыруы тиіс. Парламент оны барлық процедуралар, әліпбидің пробациясы және басқасынан кейін бекітілген тәртіпте қарауы тиіс.  

(Facebook-тегі жеке парақшасында айтылған)



25 қазан 2017

ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының ішкі саяси және әлеуметтік зерттеу бағдарламасының басшысы Серік БЕЙСЕМБАЕВ:

- ...мен бізде қоғамдық сана бойынша бәрі дұрыс деп есептеймін. Азық-түлік өнімдері мен тауарлардың қымбаттауына байланысты азаматтардың алаңдаушылығы артады және бар назарын әлеуметтік-экономикалық мәселелерге аударады.

(ia-centr.ru-ге «Қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламасы туралы берген сұхбатында айтылған)



18 қазан 2017

Шымкент әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ:

- Мен ертеңнен бастап 1 айға қызметтік көліктерді пайдалануға тыйым саламын. Бұл маған да, менің орынбасарыма, аппарат басшыларына, аудан әкімдеріне, олардың орынбасарларына, комуналдық мекеме басшыларына, олардың  орынбасарларына қатысты. Барлық басшылық құрамға қоғамдық көліктерде тәртіп орнатуды тапсырамын. 

(16 қазан күні қалалық әкімдіктегі жиналыста айтылған)



11 қазан 2017

- Мен қала төңірегінен кәсіпорын құрылысын салуға мүлдем тыйым салып, құрылысты Қарабатандағы ЕЭА-ға көшіруді ұсынамын. Ол жерде бүкіл кешен құрылуда. Қалалық ҮЕҰ-дар облыстық мәслихатқа депутаттар заңды түрде қала шеңберінен өндірістік кәсіпорындар салуға тыйым салсын деген ұсыныспен шықса деймін. Тіпті, қазіргі бар кәсіпорындардың өздері тұрғындар үшін үлкен қауіп төндіреді.

имиялық реагенттер өндіру жобасы бойынша өткен қоғамдық тыңдауда айтылған)



4 қазан 2017

«Ақ Жайық» газеті azh.kz сайтының анонимді қолданушысы:

- 19:30-дан кейін автобустар жүрмейді. Қоғамдық көлік 24:00-ке дейін жұмыс істеуі тиіс. 22:00-ға дейін жұмыс жасаймыз және күнде Авангардтан Нұрсая, Атырау сияқты қаланың басқа да ықшамаудандарына дейін жаяу барамыз. Өйткені, таксиге мінуге жалақымыз жетпейді. Депутаттар, мәселені шешіңіздер.   

(«Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс» мақаласына жазылған комментарийден)



27 қыркүйек 2017

Атырау облысы бойынша экологиялық департаменттің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ:

... белгілі бір метеожағдайда мұнайы бар ыдыстарды буландыруға, жуып-шаю және сол сияқты жұмыстар жасауға тыйым салынатындығы айқын жазылған.  Зауыт Қазгидрометтен тұрақты түрде хабарлама алып тұрған, бірақ мұны жасауды жалғастыра берген. Егер бұл заң бұзушылық қайталанса, біз зауыттың қызметін тоқтату туралы мәселе көтеретін боламыз.

(Тексеру қорытындылары бойынша өткен брифингте айтылды)



20 қыркүйек 2017

«Ақ Жайық» газеті azh.kz сайтының анонимді қолданушысы:

- Қонып қалғаны жақсы еді. Бір де бір құбырдан шығарынды шықпас еді.

*     *     *

Сайттың anara_a деген есіммен тіркелген қолданушысы:

– сенбі күні таңертең сағат 5-те терезені ашу мүмкін емес еді! Мүңкігені сондай, балалар таңғы сағат 6-да иістен шошып оянды! Тіпті айтарға сөзім жоқ, ешкімге ештеңе керек емес! Бәрінің ауыздарын ақшамен жауып отыр..

(«Премьер-министр Атырауға келді» мақаласына жазылған комментарий)




13 қыркүйек 2017

қ Жайық" газетінің azh.kz сайтының анонимді қолданушысы:

- Дұрыс. Арнайы клавиатураға тапсырыс берудің қажеті қанша. Барлық компьютерде бар латын клавиатурасы. Бас та тере бер.

(«Екі институт мамандары латын әліпбиі жобасын әзірледі деген ақпаратқа қатысты айтылған комментарий)

*           *           *

қ Жайық" газетінің тілші-аудармашысы Айжан ХАМИТ:

- Өзінің жазу үлгісін пайдаланып жүрген елдерді қараңыз. Грузия ғасырлар бойы өз әліпбиінде жазып, сөйлейді. Қытай да сол, ал Жапония дамып кеткені соншалық, оларға жету үшін бізге қаншама жылдар керек. Олардың біреуі де өлген жоқ... Сіздер бұл әліпбиді қазақ үшін жасап жатырсыздар ма, әлде әлем үшін бе?

(Фейсбуктағы жеке парақшасында айтылған)



5 қыркүйек 2017

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Егер де біз ТКШ саласына, яғни электр энергиясы, жылу, су, басқасына да тарифтерді батыл түрде көтермесек, онда олар (осы салаларға келетін инвесторлар) бұл салаға келмейді.

(Қос парламенттің бірлескен отырысында айтылған)



29 тамыз 2017

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ:

- Қала аумағындағы ауаны зерттейтін құрылғы жоқ. Бірақ тендер жарияланып, облыстық бюджеттен 60 миллион, министрліктің бюджетінен 13 миллион теңге бөлінді. Бүгін тендер аяқталып, 2-3  айда құрылғы қолымызға тиіп қалады.

(«АЖ» сұхбатында айтылды)



22 тамыз 2017

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА:

- Атырауда дәрігерлер нашар, ал басқа жердің мамандары керемет деп айту негізсіз. 

(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылған)



15 тамыз 2017

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ:

- Мәселен, есептеу техникасына 610, ал құқықтануға бар болғаны 45, жалпы медицинаға 2500, стоматологияға 45 грант бөлеміз. Жыл сайын жоғары балл алғандар грантсыз қалып жатыр, ал аз балл алғандар, керісінше, басқа мамандықтар бойынша грант иегері атанады.

(Білім гранттары жайлы айтылған)



8 тамыз 2017

Экономист Алмас ЧУКИН, Алматы:

– Обама мен Трамп жарлықтарының орнына санкциялар туралы нағыз заң шықты... теңге 340-тан жоғары көтеріледі деп ойламаймын, бірақ қайтадан 310-ға да түсе қоймас. Шамасы, сол 330 болып қалатын болар.

(Фейсбуктегі жеке парақшасында айтылған)



1 тамыз 2017

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ:

- Осы жылдың қыркүйегінде біз 2018 жылға емханаларға тіркеу науқанын бастаймыз. Одан бөлек, ҚР азаматы өз еркімен бір жылда бір рет емхананы ауыстыра алады және тұрғылықты мекенжайын өзгерткен жағдайда да солай жасай алады. Яғни, емхананы жылына екі рет ауыстыра алады...

(Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтылған)



25 шілде 2017

«Қазсушар» РМК бас директоры Өмірбек ЖАМПОЗОВ:

- Мен ертең адамдарға жалақы беретін қағаздарға қол қою үшін жұмысқа барамын. Өйткені ертең мен отырсам, адамдардың алдында ыңғайсыз болады.

(Суицид алдында айтылған)



18 шілде 2017

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Президент жергілікті бюджет есебінен медициналық кадрларды дайындауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Ұсыныстарыңызды беріңіздер.

(Денсаулық сақтау мәселелеріне арналған жиналыста айтылды)



11 шілде 2017

«Issmat investment&finance» президенті Саид МЕССАДИ:

- 20 мың жұмыс орны ашылатын болады, Индер ауданының тұрғындары оқуға жіберіледі. Жоба шілденің аяғында жүзеге асырыла бастайды.

(Атырау облысы Елтай ауылындағы шетелдік компанияның жоспарлары туралы айтылған)




4 шілде 2017

«Өзін-өзі тану» мектепке дейінгі және мектеп бағдарламасының авторы Сара НАЗАРБАЕВА:

- Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық сабақтарда, емтихандарда, оқуға түсу емтихандарында нөмір бірінші пән болуы тиіс.

(Рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңесте айтылған)



27 маусым 2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі НАУРЫЗБАЕВА:

- ...1 қаңтардан бастап ресімдейтіндер соманы жылдық емес, ай сайын алатын болады. Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетақы жасы өзгеріп, жыл сайын жарты жылдан қосылатын болады (әйелдің шығу жасы 63 жасқа жеткенше 2027 жылға дейін) Осылайша, әйелдерде зейнетақыға шығу жасы ерлер секілді болады.

(Атырау облысына келген сапары барысында айтылған)



20 маусым 2017

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Жаһандық қаржы архитектурасын өзгерту қажет. Яғни халықаралық есептік төлем бірлігін енгізуге кірісер күн туды... мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек.

(Астана экономикалық форумында айтылған)



13 маусым 2017

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА:

- «Облтрансгаз» болған кезде мұндай проблемалар болған жоқ. Сіз дайын нысанды алдыңыз. Сіздердің маңдарыңызда өз фирмаларыңыз бар. Ажырату-қосу, мұның бәрі сіздердің төңірегіңізде туындаған, аффилирленген кәсіпорындар. Мен күн сайын сіздердің қастарыңыздан өтемін, ол жерден жүру мүмкін емес. Басшылыққа кіре алмайсың, талабыңды жеткізе алмайсың.

(«ҚазТрансГаз Аймақ» Атырау филиалының басшылығымен кездесуде айтылған)




Страницы:1234...8

предыдущаяследующая