«Дәурен Абаев: Біз сөз бостандығын алдыңғы қатарға қоятын елміз»,«Қазақстандық олигарх ресейлік компаниялардың санкциядан кейінгі ахуалы туралы айтты», «Ресей қашан ыдырайды?», «Путин енді Қазақстанға шабуыл жасауы мүмкін», «Хлорға тұншыққан сириялықтар»

13 сәуір 09:36 708 рет қаралды

QAMSHY.KZ. «Ресей қашан ыдырайды?» - Бүкіл әлем Владимир Путиннің билігіндегі Ресейді посткеңестік шекараларды өзгертіп, империяны қайта жаңғыртуды қалайтын экспансиялық держава ретінде көреді. Оған Қырымды анексиялау мен Украинамен арадағы соғыстың өршуі де себеп болды. Экономикалық санкциялар, мұнайдың арзандауы, демографиялық дағдарыс, орыс дипломаттарының Батыс елдерінен қуылуы сияқты жағдайларды ескеріп, кейбір сарапшылар Ресей Федерациясының ыдырайтын күні жақын деп болжайды.

«Дәурен Абаев: Біз сөз бостандығын алдыңғы қатарға қоятын елміз» - Ақпарат ағынының қарқыны қатты заманда «отыз тістен шыққан сөз» әп-сәтте «отыз рулы елге» тарап жатыр. Оның ағы мен қарасы мидай араласып, ақпарат кеңістігін қоюлата түсті. Қазақ әдебиеті бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлымен ақпараттың анығы мен танығы туралы, журналистік этика жайлы, әлеуметтік желі мен ресми ақпарат тарату орындары арасындағы бәсеке жайында әңгімелесті.

365INFO.KZ. «Ресей мен АҚШ соғысқалы жатыр» - Сириядағы ахуал салдарынан Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың ушыққаны соншалық, екі держава әскери қақтығыстың алдында тұр. Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қазіргі жағдай Вьетнамдағы соғыс немесе Кариб дағдарысы кезіндегі ахуалдан да өткір, деген пікірде Ресей ғылым академиясы АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов.

«Путин енді Қазақстанға шабуыл жасауы мүмкін» - Саясаттанушы Әзімбай Ғали өзі де ойланып, бізге де ой салады. АҚШ пен Ресей арасындағы соңғы жағдайлар, оның Қазақстанға әсері жайында батыл болжам жасапты. «Сирияда Ресей мен АҚШ-тың Екінші қырғи-қабақ соғысы ең биік дәрежесіне жетті. 1962 жылы Кариб теңізінде АҚШ пен КСРО конфликті өзара соғысқа айналуы ықтимал еді, бірақ Бірінші қырғи-қабақ соғысы нақты соғысқа айналмады.

TURKYSTAN.KZ. «Хлорға тұншыққан сириялықтар» - Сирияда химиялық қару қолданылды деген ақпарат Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтыра түсті. Дума – Шығыс Гутадағы жасақшылар қалған соңғы елді мекен. Онда бірнеше күннен бері қақтығыс үдеп барады. Тіпті, әскери қимылға танк, зеңбірек және авиация тартылған. Сириялық-америкалық медициналық қоғамның және Сирия азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, 200-ге жуық адам қаза тапса, оның 20-дан астамы бала, 17-сі – әйел.

«Әлі Шер Сүлеймен: Ой түбінде рух жатпаса, бәрі бос» - Ол үнемі өзгелер қаузамаған тың тақырыптарды көтеруге, ешкімнің ізі түспеген соны соқпақтармен жүруге тырысады. Басқалар байқамайтынды көре білетін аңғарымпаздығы, ырыққа оңай көнбейтін істің өзін өңгермей тынбайтын табандылығы бұған дейінгі еңбектерінен менмұндалап тұратын. Жаңа туындысынан да қолтаңбасын жазбай танисың. Белгілі режиссер, сценарист, актер Әлі Шер Сүлейменнің «Шатырдағы бұлт» фильмі прокатқа шыққалы жатыр дегенді естіп, «Түркістанның» оқырмандарына арнап сұхбат беруін өтіндік. Елімізде бұрын-соңды түрен салынбаған жанрды батыл қолға алған режиссермен кино саласынан бөлек, қоғам өміріндегі өзге де өзекті тақырыптар төңірегінде ой қозғадық.

«Сезік тудырған Виктория Скрипаль» - Әлем назары әлі де Лондон мен Мәскеуде. Өйткені Скрипаль ісіне қазіргі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Өткен аптада Ресейдің бұрынғы барлаушысы Сергей Скрипаль есін жиып, тілге келді. Бүкіл әлемдік ақпарат құралдары енді Скрипальдің жауабын тыңдауға асық. Ал Лондон мен Мәскеу биліктері бұл іске қатысты тартысын жалғастырып келеді. Тіпті, күн өткен сайын Скрипаль ісі ушығып бара жатқандай.

BAQ.KZ. «Қазақстандық олигарх ресейлік компаниялардың санкциядан кейінгі ахуалы туралы айтты» - Жуырда АҚШ Ресейдің бірқатар компаниясы мен жекелеген олигархтарына санкция салды. Қазақстандық олигарх Айдан Кәрібжанов бұл санкциялардың салдары туралы айтып берді. Ол осы орайда Ресейдің «Русал» компаниясын мысалға алды.

ULT.KZ. «Назарбаев: біз - қазақпыз, батыс елдерінің бізге жөн сілтейтін реті жоқ!» -"Әркім өз тағдырына өзі жауапты. Мен - тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап елдің жүгін арқалап келе жатқан адаммын. Қанша рет батыстан келіп, "біздегі сияқты демократия қылыңдар" деп айтады. Біз - қазақпыз, біз америкалық, неміс, ағылшын емеспіз. Біздің өзіміздің тарихымыз, тіліміз, дініміз,  дәстүріміз бар. Біз бүкіл әлем секілді демократия жолымен келе жатқан халықпыз", — деді президент. 

EGEMEN.KZ. «Қанат Ислам: Отанын опасыздар ғана масқаралайды» - «Өз Отаның болғаны қандай бақыт». Әлеуметтік желіде атақты боксшы Қанат Ислам жүрекжарды ойларын ақтарған екен. 

QAZAQTIMES.COM. «Соғыс қауіпі төнген дүние: Сүрия мәселесі қарулы қақтығысқа ұласа ма?» - АҚШ бастаған Батыс елдері мен Ресей, Сүрия, Иран арасы қарулы қақтығысқа соға жаздап тұр. Бұл қазіргі әлемдік ақпарат кеңістігінің жиі талқылайтын тақырыбына айналды. Қазіргі Сүрия жағдайы сірә қандай күйде? Кім кімнің жақтасы? Соғыстың туылуы мүмкін бе? Кім – ақ, кім – қара?





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру