Көктемге әлі ерте

13 наурыз 16:36 1117 рет қаралды


Атырау облысында жеңіл қыс маусымынан кейін наурыз айы айрықша болып тұр. Синоптиктер ауылдық жерлерде температура -23-ке дейін төмендейді деп болжап отыр.

«Қазгидромет» РМК-ның апта сайынғы болжамына сүйенсек, көктем әзір бола қоймайды. Апта соңына дейін тұман болады деп күтілуде. 14-15 наурызда азғана қар жауады. 16 наурызда - жауын-шашын. Түнде температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде, атап айтқанда, Индер және Қызылқоға аудандарында, 19-20 градусқа дейін суытуы мүмкін. 16 наурыздан кейін аяз сынып, бірақ апта соңына дейін айтарлықтай жылыну күтілмейді. Температура 0-ден минус 10-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.