​Еуроодақ Қырымдағы президент сайлауын мойындамайды

13 наурыз 15:11 370 рет қаралды

Еуроодақтың жоғары дипломаты Федерик Могерини. Фото: DW.
Еуроодақ Қырымдағы президент сайлауын мойндамайды – деп хабарлайды «Неміс толқыны» ақпарат агенттігі. 

Еуроодақтың жоғары дипломаты Федерик Могерини 12 наурыз күні Киевке сапары кезінде: «Ресми Брюссель Қырым аннекциясы мен онда өтетін Ресей президент сайлауының қорытындысын да мойындамайды. Біз Қырым мәселесіне байланысты бағытталған санкцияларымызды күшейтеміз» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей президенттігіне үміткер Ксения Собчак Украина аумағы арқылы Қырым түбегіне өтіп, аймақта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ниетті екендігін мәлімдеген. Кейіннен Собчактың бұл мәлімдемесіне Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкин «саяси шизофения» - деген баға берген.

Жалпы, Ксения Собчакқа дейін ресейлік БАҚ беттерінде «Владимир Путин президент сайлауы кезінде Қырым аумағына барып дауыс бермек» - деген ақпарат тараған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.