"ГУАМ-ға мүше елдер Ресейге тойтарыс бере ала ма?​", "Түркия билігін алаңдатқан партия", "Билікке қазақтың тілі ойыншық па?", "Исламдық партия басшысы Интерпол тізімінен алынды"

5 наурыз 17:00 793 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Исламдық партия басшысы Интерпол тізімінен алынды" - Көп теперіш көрген «Тәжікстанның исламдық жаңғыру партиясы» кішкентай жеңіске жеткендей болды. Наурыздың 2-сінде партия басшысы Мұхиддин Кабири Интерполдың іздеу салынғандар тізімінен алынып тасталды.

ZHASALASH.KZ. "Билікке қазақтың тілі ойыншық па?" - Жұртшылық президенттің ақпан айының соңында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдау барысында «Пар­ламент пен Үкіметтің қызметі тек мем­ле­кет­тік тілде жүргізілуі тиіс» деген тапсырмасын қызу талқылауда. Іле-шала Мәжіліс пен Үкімет отырысы жаппай қазақ тілінде өткізіліп, тілін сындырмаған депутаттар мен министрлер де табылып, қазақ тілін үйретуші мамандарға деген сұраныс аяқасты күрт өскен.

365INFO.KZ. "Қазақ неге мәңгүрт? – Тұрсын Жұртбай" - Қазақстан «рухани жаңғырып» жатыр деседі. Ниет дұрыс. Бірақ баяғы «науқаншылдық» сарыны ұрып тұр. Бәзбір жерде бір іс-шара, жиын өткізілсе де оны «Рухани жаңғыру» деп ұрандатады.

QAZAQTIMES.COM. "Қытай басшысы мақсатын жүзеге асыра ала ма?" - Қытай басшысы шексіз билік құруға талпыныс жасап келе жатыр. Бірнеше он жылдан бері Қытай басшылары бес жылдан екі кезек ел билеп, Конституциядағы билік теңдігін сақтап келген. Бұл рет бұл дағды бұзылуы мүмкін. Бейжіңде бүгін бастап ашылған Халық құрылтайында (Ұлттық Халық Конгресі) ҚХР төрағасының өкілетті мерзімі ұзарту жобасы қабылданады деп күтілуде. Дегенмен, бұл ұсыныс шынайы дауысқа салынатын болса, 3 мыңнан астам делегат толықтай қолдау көрсету де екі талай. Себебі, ҚХР құрылған алғашқы жылдарда шекісіз мерзімде билік жүргізген Мау Зыдоң (Мао Цзедон/Mao Zedong) дәуіріндегі қорқыныш Қытай қоғамынан әлі сейілмеді.

"Түркия билігін алаңдатқан партия" - Режеп Тайып Ердоған мен Абдуллаһ Гүлдің бастамаларымен құрылып, "Ұлттық көзқарас" идеясын насихаттайтын Saadet Partisi (SP, "Бақыт" партиясы) 2015 жылдың 1 қарашасындағы соңғы сайлауда 0,7% дауыс жинағанына әрі 2019 жылы өтетін сайлауға әлі бір жылдан астам уақыттың болғанына қарамастан қазірде Түркия билігінің күн тәртібіндегі ең маңызды мәселеге айналды.

AIKYN.KZ. "ГУАМ-ға мүше елдер Ресейге тойтарыс бере ала ма?" - ГУАМ ұйымына мүше елдер, атап айтқанда, Грузия, Украина және Молдова «Ресей агрессиясына қатысты қарсылықты жандандыру» үшін саяси ұйымның күшін нығайтуды көздеп отыр. Бұл туралы publika.md сайтына берген сұхбатында Молдова парламенті төрағасының орынбасары Андриан Канду мәлім етті. Біріншіден, ынтымақтастық ең алдымен аталған үш елдің қорғаныс саласына қатысты болып отыр. Бұл туралы қол қойылатын декларация наурыз айының алғашқы онкүндігінде Кишиневте өтетін басқосуда  белгілі болады. Молдова парламенті басшысының орынбасары Андриан Канду «алдағы уақытта аталған үш ел ынтымақтаса жұмыс істейтін болады» деп атап көрсетті.




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.