«Рефлекс! Бір қадам алға, екі қадам артқа», «АҚШ-та Орталық Азиядан шыққандар контрабанда күдігіне ілінді»,«”Сыбыс шығып жатыр…” Путин жеңсе, Қазақстанға не болады?», «Өзін жұмыспен қамтушыларды «жатып ішерлер» ретінде бағалау кең тарап кетті».

3 наурыз 09:45 923 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «АҚШ-та Орталық Азиядан шыққандар контрабанда күдігіне ілінді» - АҚШ астанасы Вашингтонда Орталық Азиядан шыққан екі азамат ұсталды. Олар Шешенстанға контрабандалық жолмен қару-жарақ сатты деп айыпталған. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап вашингтондық WJLA басылымы хабарлады.

«Коррупция мен мафияны жазған словак журналисін не үшін өлтірді?» - Словакияның жетекші саясаткерлерінің қылмыс әлемімен байланысы туралы зерттеу жүргізген журналистің қазасы елден тысқары жерлерде де резонанс тудырды. Журналистке қарсы жасалған қастандықтың үлкен саяси салдары болуы мүмкін.

«Талапкерлерге "Ұлт лидері" жайлы эссе жазуды міндеттеді» - Тәжікстан Білім және ғылым министрлігі елдің жоғары оқу орындарында талапкерлерге жазғызатын эссе тақырыптарының тізімін бекітті.

ZHASALASH.KZ. «Рефлекс! Бір қадам алға, екі қадам артқа» - Егер ана тілінің мүшкіл жағдайы туралы Асанқайғыға салына зарлап, жылап-сықтау жөнінен әлем чемпионаты өткізілетін болса, онда біздің қазекем, сөзсіз, бірінші орын алар еді.

QAMSHY.KZ. «Жыл басынан азық-түлік пен көмір, көлік бағасы қаншаға қымбаттады» - 2018 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,3 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда - 1,4, азық-түлік емес тауарларына - 0,8, ақылы қызметтерге 1,6 пайызға өсті.

«Сөгістен құтылған Бозымбаевтың орынбасары тұтылды» - Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.

365INFO.KZ. «”Сыбыс шығып жатыр…” Путин жеңсе, Қазақстанға не болады?» - Қазақстанға кенедей жабысқан теріскейдегі көршіміз бізді көзден таса қалдырмауға жанын салуда. Кеңесі одағы күйреп, аяқ астынан егемен ел болып, жеке шаңырақ құрып, әледік қауымдастықтан өз орнымызды ойып алсақ та экономикалық одақ құрып, өзінен алыстатар емес.

 QAZAQTIMES.COM. «Өзін жұмыспен қамтушыларды «жатып ішерлер» ретінде бағалау кең тарап кетті» -   Соңғы уақытта өзін өзі жұмыспен қамтушыларға дау көбейіп кетті. Бұған жаңадан тағайындалған ҚР еңбек және әлеуметтік даму министрі Мадина Әбілқасымованың "өзін өзі жұмыспен қамтушылардан салық жинауға" қатысты жасаған мәлімдемесі себеп. Жалпы министрдің бұл сөзі қаншалықты орынды? Салық жинау күнделікті нанын әрең тауып жүрген адамға ауыр тимей ме?

AIKYN.KZ. «”Тарихың” түзу болсын, тұтынушы» - Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту қажет деп тапсырған еді. Бірақ халық жеке басының қаржылық жауапкершілігін сезінбейінше, банк жүйесіндегі дағдарыс есігімізді қайта-қайта қағары анық. 





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.