​Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты

13 ақпан 15:59 551 рет қаралды


Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізге ешқандай да қосымша ақша берілмейді, жалақым шамамен 600 мың. Мен саяси мемқызметкер ретінде жалақы аламын", - деді Бибігүл Асылова БҒМ алқасының кеңейтілген отырысының үзілісінде.  

Оның айтуынша, жалақы деңгейі еңбек өтілі мен білімге байланысты беріледі.  

"Біріншіден, мемлекеттік қызметте еңбек өтілім бай. Бұл да білім деңгейі мен тәжірибеңе байланысты, яғни барлық орталық органда, департамент директорлары, вице-министрлер осы тәртіп бойынша еңбекақы алады", - деді вице-министр.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.