​Ресми Кремль Владимир Путинның сырқаттанып қалғанын мәлімдеді

13 ақпан 15:31 692 рет қаралды


Ресми Кремль ел президенті Владимир Путинның сырқаттанып қалғанын мәлімдеді– деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі. 

Агенттік мәліметінше, ақпан айының 12-сі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ өкілдеріне Владимир Путинның сырқаттанып қалғанын айтқан. Оның сөзінше, Владимир Путиннның сырқаттануы оның жұмыс кестесіне кері әсерін тигізбейді. 

Ол бұрынғысынша жұмысын жалғастыратын болады. Дмитрий Песковтың БАҚ өкілдері алдында ел президентінің денсаулығына байланысты мәлімдеме жасауына Владимир Путинның Сочи қаласында «Ресей көшбасшылары» байқауының жеңімпаздарымен кездесуде сөйлей алмай қалуы себеп болған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.