Өзбек ағайындар Теңізді игерді

13 ақпан 14:28 1608 рет қаралды


Атырау облыстық көші-қон полициясы Жылыой ауданында кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген 31 өзбекстандық азамат анықталды. Көпшілігі Теніз кен орнына қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерде жұмыс істейді екен.

- Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚтК-нің 517 баптың 5 бөлігі бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны)  хаттама толтырылды,- деп хабарлады  ІІД баспасөз хатшысы  Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. Ал олардың жұмыс берушілеріне қатысты ҚР ӘҚтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  және 519-баптары (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) жауапқа тартылды.

Фархат ӘБІЛОВ

Видеоны Атырау облыстық ІІД ұсынды


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.