«Ұлттық қор: өзге жұрт пен біздің елдің тәжірибесі», «Ресейдің келесі президенті кім?», «Сақал жүн бе, дін бе?», «Әмірхан Меңдеке, әдебиет сыншысы: Оразалин 23 жыл басқарған Жазушылар одағы күйреп тынды».

9 ақпан 09:48 917 рет қаралды

QAMSHY.KZ. «Ресейдің келесі президенті кім?» - 18 наурызда өтетін президент сайлауында Ресей халқы өз таңдауын жасайды. Әлеуметтік-экономикалық, саяси шешімдер қабылдап, реформа жүргізуге 4 жыл аз болғандықтан, биыл президент 6 жылға сайланады. 

ABAI.KZ. «Төрт жыл бойы сатып жатырмыз. Не пайда таптық?» - Қазақстанда соңғы төрт жылдан бері жекешелендірудің екінші кезеңі жүргізіліп келеді. Содан не ұттық, не ұтылдық дегенді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айшықтап беріп, Премьер-Министрдің алдына жайып салды.

«Әмірхан Меңдеке, әдебиет сыншысы: Оразалин 23 жыл басқарған Жазушылар одағы күйреп тынды» - «Қазақ әдебиеті» газетінен оқыдым, жақында, нақтырақ айтсам, 12 ақпан күні қазақстан жазушылар одағының пленумы өтеді екен. былайғы жұрт «осы пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралады екен, қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы ауысады екен...» деп гу-гу етеді.

INFORMBURO.KZ. «Work and travel. АҚШ-қа сапар. Таным да, табыс та болады» - Жаз шыға біршама қазақ баласы мұхит асып, нан табуға АҚШ-қа аттанады. Жастарды өзіне магниттей тартатын Американың не құдреті бар? Ондағы жалақы мөлшері қандай?

«Соңғы көрсеткіштер бойынша Өзбекстан халқы 32,6 миллионға жетті» - Тәуелсіздік алған тұста Өзбекстан халқының саны 20 миллионның айналасында болса, бүгінге дейін 55,9%-ға артқан. Ал есеп бойынша 2050 жылы 40 миллионнан асады.

SPUTNIKNEWS.KZ. «200 мың теңге жалақымен пәтер алу үшін 20 жылдай уақыт қажет» -  Сарапшылардың есептеуінше, баспаналы болу үшін отбасының табысы 200 мыңнан кем болмаған жағдайда, оның 20 мыңын ай сайын үзбей салып отырып, 1 бөлмелі баспанаға қажетті бастапқы жарнаны 10 жыл бойы жинау керек екен.  Ал пәтерді қолма-қол сатып алу үшін кемі 20 жылдай уақыт қажет.

TENGRINEWS.KZ. «ҚХР-дің Алматыдағы бас консулы Қытайдағы "мұсылмандар лагері" туралы мәлімдеме жасады» -  "CNN - батыстың басылымы. Оларға сенбеңіздер. Қытайда ондай ұғым жоқ. CNN жақсырақ ақпараттанған сияқты ғой, солардан сұрап көріңіздер. Дегенмен кез келген ел үшін қауіпсіздік бірінші мақсат екені анық. Қазақстанда да тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған осындай шаралар жүргізіледі. 

TURKYSTAN.KZ. «Ұлттық қор: өзге жұрт пен біздің елдің тәжірибесі» - Соңғы он жеті жыл бойы, яғни Ұлттық қор құрылған кезден бері «Мұнай-газ саласынан түскен табыс барша қазақстандықтарға теңдей бөлініп берілуі тиіс» деген ой саяси ортада ара-тұра айтылып қалады. 

SERKE.ORG. «Сақал жүн бе, дін бе?» - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дайындап жатқан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер жобасы қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін деструктивті діни ағымдарды анықтауды, олардың деструктивті әрекетінің жолын кесуді көздейді. 

EGEMEN.KZ. «"Бешбармақ" сөзі һәм Голощекиннің сайқымазағы» -  Астанаға келген жылдың күзінде тіркеуге тұру үшін Алматы аудандық ардагерлер ұйымының кеңсесіне бар­дым. Ұйым төрағасы Сайлаубек Дүйсенбекұлы жылы қабылдады. Сөзінің соңында «Тілімізге мүлдем жат «бешбармақ» сөзінен қалай құтыламыз? Ұлттық асымызға лайықты атау тапсаңыз айтыңызшы» деді. 

«АҚШ-та қаржы нарығы құлдырады» - Таяуда АҚШ-тың қаржы саласындағы бірқатар қор нарығының құлдырауы Америка жұртын әбігерге салды. Көптеген миллиардерлер ақшасын жоғалтса, АҚШ-тың соңын ала Еуропа мен Азиядағы қаржы нарығы да әрі-сәрі күй кешті.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.