«Сапарбаев кіммен соттасқалы жүр?», «”Өтірік бәрі…”. Экс-министр Қарағұсова жалақыға қатысты сұмдық мәлімдеме жасады», «Қарызы көп мұнайлы ел», «18 миллион халықты асырау қиын ба?», «Боқауов Ел мен Елбасының сенімін ақтай алды ма?».

8 ақпан 10:05 1207 рет қаралды

QAMSHY.KZ. «Сапарбаев кіммен соттасқалы жүр?» - Бердібек Сапарбаев басқаратын өңірді «ұйқы қысып» барады. Әлде Бекең шенеуніктері шетінен ұйқышыл аймаққа басшы болып барған ба? Бұл жағын ажырату әркімнің еншісіндегі шаруа.

AZATTYQ.ORG. «Иран қазағы ислам республикасына дейін де орамал таққан» -Ирандағы қазақ диаспорасы өкілдері орамал тартуда өз ерекшеліктері бар екенін айтады.

«Ерлан Біләлге 52 млн теңге айыппұл салынды» - Ақпанның 7-сінде Алматының Алмалы аудандық сотында Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры, «пара алуға әрекеттену» айыбы тағылған Ерлан Біләлға қатысты сот процесі аяқталды.

«Кіші Рахмонға жол ашатын «техникалық» түзетулер» - Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы - Өкілдер мәжілісі заңнамаға түзету енгізіп, президенттікке үміткердің жас шектеуін 35-тен 30 жасқа төмендетті. 2016 жылғы референдумда цензді төмендетуді мақұлдап тастағандықтан, ендігі түзету тек техникалық сипатқа ие болды.

ABAI.KZ. «Боқауов Ел мен Елбасының сенімін ақтай алды ма?» - «Әкім бол, халқыңа жақын бол». Халыққа жақындықты қайдам, Павлодар облысының тізгінін ұстаған Болат Боқауов сынды әкімдерді ел түстеп танымайды. Әйтеуір осы өңірді басқарып, креслода отыр демесеңіз, Боқауовтың шидің басын сындырғанын естіген адам жоқ.

«Қыз зорланса – қоғам кінәлі» - Осы кейде маған «Қоғамда зорлық-зомбылық неге күрт көбейіп кетті? Әсіресе, бұрын соңды кездеспейтін жас қыздарды зорлау деген сұмдықтан көз ашпайтын болғанымыз қалай?» деген сауалдар санама сансыз қадалып жүр. 

365INFO.KZ. «”Өтірік бәрі…”. Экс-министр Қарағұсова жалақыға қатысты сұмдық мәлімдеме жасады» - Гүлжан Қарағұсова көп қазақ отбасына ортақ жалақыға қатысты ащы шындықты Үкіметке жеткізіп, Мәжілісте цифрларды сөйлетті. Бұл цифрларға қарап-ақ кез келген қазақ басын шұлғып, көзіне жас алып, жүрегі ауырады. 

TURKYSTAN.KZ. «Берері мардымсыз бизнес-тренингтер» - Қазір қай әлеуметтік желіге бас сұқсаңыз да – тренингтерге шақырған жұрт. Біреу бай болудың құпиясын ашам деп еліктірсе, енді бірі сұлу әрі іскер әйел болудың жолын үйретем деп әуре. 

INFORMBURO.KZ. «Жерлеу рәсімінің жоралғылары қандай? Қазада шашылу қазақы салт па, діни дәстүр ме?» - Мәселе Жезқазғандағы өлім-жітім жоралғыларына қатысты жергілікті имамның жаңа пәтуәсынан туындады. Жалпы қазақ салтында өлім-жітім жоралғысы қандай?

QAZAQTIMES.COM. «Қарызы көп мұнайлы ел» - 2017 жылы Қазақстан үкіметінің қарызы 193,3 млрд теңгеге дейін жеткен. Ал биыл мұнай құны айтарлықтай өскені белгілі. Әйтеуір 2015 жылғыдай 30 доллардан төмен емес. Бірақ мұндағы қара-қайшылық мынада. Қазақстан мұнайлы ел бола тұра және мұнай бағасы көтерілген күннің өзінде мемлекеттің қарызы азаюдың орнына көбейіп жатыр. Сонда үкіметтің мұнайдан, салықтан тапқан табысы қайда кетіп жатыр? Қарыз "өңде емес  түсте ғана" азайып жатқан секілді.

DALANEWS.KZ.  «18 миллион халықты асырау қиын ба?» - Бəрі бар дейді бізде. Түгіміз жоқ, анығында. Тұрмысымызға қараңыз, сенбесеңіз.


 



 





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.