​Биыл әлемді «аустралиялық тұмау» әуреге салуда: түрі, белгілері, қарсы шаралар

12 қаңтар 15:02 694 рет қаралды


Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі биылғы ерекше тұмаудан сақтану шараларына дайындалып жатыр. Қыс айларынан бері әлемде H3N2 түсіндегі тұмау вирусы белсенділік байқатқан. 

Бұл түрдегі тұмауды «аустралиялық тұмау» деп атасады, оның себебі жақыннан бері Аустралияда (Австралия) аталған тұмау көп тарады. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты арнайы хабарлаған болатын. 

«Аустарлиялық тұмау» қауіпті ме? 2017 жылы Аустралияда бұл тұмаудың таралуы соңғы он жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Оған қоса соңғы бір айда әлемнің өзге елдерінде де H3N2 тұмауының таралуы күшейе түсті. 

Әдетте қыс айлары кірісімен тұмаудың бірнеше түрлері пайда болады да, А түріндегі тұмаулармен бастапқы уақытта балалар мен жасы егделеген кісілерге көбірек жұғымданады. Өзге тұмаулардан қалыпты адамдар арнайы дәрілердің көмегінсіз айығып кетіп жатады. 

Алайда, тұмау түрлерінің арасында «Аустралиялық күшті тымау» оңай жазыла қоймайды. Ұлыбритания денсаулық сақтау тараулары ел көлемінде ауыр тұмау түрлерінен 7 түрін анықтаған. 

Соның бірі B түріндегі H3N2 тұмау вирусы. Бұл тұмау вирусымен егде адамдар көбірек жұғымдалатыны белгілі болған. Күшті тұмаудың А, В, С түрлері бар, бұлар да өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді. 

Қазір Ұлыбритания мен өзге бірнеше елдердегі емханаларда тұмауратқан адамдар саны күрт артып кеткен. Десе де, өткен жылғы көрсеткіштен үлкен парық жоқ. 2008-2009 жылдары тараған шошқа тұмауында бұл көрсеткіш бірнеше есе көп болғанын айтады.


«Австралиялық тұмаудың» белгілері Салмақты тұмауға шалдыққан адамдарда мынадай белгілер болады: 

  • Дене температурасы көтеріледі, әдетте 38 С°-тан жоғары болады. 
  • Буындар қақсап ауырады 
  • Шаршау және әлсіздік байқалады 
  • Құрғақ жөтел пайда болады 
  • Тамақ ауырады 
  • Бас ауырады 
  • Тамаққа тәбеті қашады 
  • Жүрек айниды 


Тұмауға қарсы шаралар

Әр жылы тарайтын немесе белсенділік көрсеткен тұмау түрлері бірдей болмайды. 

Әлем елдерінің денсаулық сақтау тараулары жылдың әр мезгіліндегі белсенділік танытқан тұмауларға қарсы вакциналар дайындайды. Бірақ, бір түрдегі вакцина барлық тұмау түрлеріне қарсы көмек көрсете алмайтыны белгілі. 

Биыл Батыс елдерінің денсаулық сақтау тараулары белсенділігі күшейген H3N2 тұмау вирусына қарсы вакциналарды көбірек шығарған. 

Оның сыртында әр жылы таралып тұратын тұмауларға қарсы вакциналар да бар. 

Тәжірибелерге негізделгенде, қазір «аустралиялық тұмаудан» қорғауға ең өнімді шара – тұмауға қарсы вакцина. Алайда, «аустралиялық тұмау» туралы тап басып айту, денсаулық сақтау қызметкерлеріне де қиын. 

Себебі оның вирусы тез жаңарып, өзге жаңа вирустармен алмасып тұратын ерекшелігі бар. Бір апта ішінде тұтынған дәрілеріңіз, келесі аптада өнімі болмай жатуы ғажап емес. 

Қазір Ұлыбритания тұмауратып ем қабылдағандардың шамамен 40-60 пайызына вакцина қойған. Тұмау түрлеріне байланысты емдеу шаралары да ұқсамайды. 

Әр реткі қабылданған вакцина жарты жылдан кейін тұмау вирусына қарсылығы төмендей бастайды. Қазіргі вакциналар H3N2 тұмауынан көрі B және A/H1N1 тұмауларына көбірек өнім береді.   

«Австралиялық тұмау» әдетте бір адамнан екінші адамға тез жұғымданады. Жұғымдану ықтималдығы бастапқы бес күнде ең күшті болады. Ол және жөтелу мен түшкіру кезінде ауа арқылы тарады. 

Одан сақтану үшін қолды және бет-ауызды тазалап жуып тұру керек. 

Тұмауды жұқтырған адам екінші бір адамға таратпау үшін арнайы медициналық маска пайдаланғаны жөн. 

Жөтелгенде немесе түшкіргенде бет-орамал немесе майлық қағаз пайдалану керек. 

Дегенмен, бұл жазылғандар сіздің салауаттылығыңыз үшін дәрігерлердің кеңесінен тиімді болмауы мүмкін екенін ескертеміз.

Дереккөз: qazaqtimes.com


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.