​Ресей ЕАЭО-ға бірыңғай цифрлы платформа енгізбек

12 қаңтар 11:10 466 рет қаралды


Ресей ЕАЭО шеңберінде бірыңғай цифрлы платформа құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр - деп мәлімдеді Ресей Президенті Владимир Путин БАҚ басшыларымен өткізген кездесуінде. 

Владимир Путиннің сөзінше, бірыңғай цифрлы платформаға ЕАЭО ғана емес оған АҚШ-та, Еуроодақ та көшіп жатыр. Қазіргі таңда кім бірыңғай цифрлы платформаға өтеді сол озады. 

Ал кім одан қалыс қалады заман көшіне ілесе алмайды. Болашақта бірыңғай цифрлы платформасыз қандай да бір дүниені модернизациялау мүмкін болмайды. 

Айта кететін бір жайт, бірыңғай цифрлы платформаға банк жүйесі, экономика, сауда-саттық, авто көлік бөлшектерін модернизациялау сияқты салалар кіреді. 

Бір сөзбен айтқанда егер Ресей дайындап жатқан бірыңғай цифрлы платформа ЕАЭО-ға енгізілетін болса, онда жоғарыда аталған салалардың барлығы ортақ базаға топтастырылатын болады. 

Ал «оны кім басқарады?» - деген сұраққа әзірге жауап айту өте қиын. 

Дереккөз: “The Qazaq Times


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.