Назарбаев қазақ-түркімен шекарасын демаркациялау келісіміне қол қойды

12 қаңтар 11:07 443 рет қаралды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-түркімен мемлекеттік шекарасын халықаралық құқықтық рәсімдеу процесінің аяқталғаны туралы заңға қол қойды.

Президент әкімшілігі Қазақстан мен Түркіменстан билігінің екі ел шекарасын демаркациялау туралы ратификацияны 11 қаңтарда жариялады.

Бұл заң парламентте 2017 жылы 28 желтоқсанда мақұлданған. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, демаркациядан кейін екі ел шекарасының ұзындығы 458,3 километрді құрайды.

Ақорда сайты Назарбаевтың «Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойғанын хабарлады. Заңның мәтіндеріі баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: azattyq.org


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.