«Стати әдейі істеді…», «Марғұлан Сейсембаевтың екінші эмиграциясы», «Ақша жасаудың жолын тапқан жас банкирлер», «Ерлан Біләл дауы: Әртістің көз жасына кім сенеді?», «Ақтөбеде "атылып өлді" деген офицер жөнінде жаңа дерек шықты».

12 қаңтар 09:42 1374 рет қаралды

365INFO.KZ. «Ұлттық қор ақшасының бұғатталуына қатысты мәлімдеме жасалды» - ҚР Әділет министрлігі Ұлттық қор қаражаттының бұғатталуына қатысты ақпарат таратты. 

AZATTYQ.ORG. «Марғұлан Сейсембаевтың екінші эмиграциясы» - Былтыр желтоқсанда Ерімбетовтің туыстары Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, Қазақстан билігі "оны саяси себеппен қудалап жатыр" деп мәлімдеген. "Баламызды оппозициялық саясаткерден ақша алды деп айыптау негізсіз. Оны шетелде тұратын қызымыз Ботагөз Жәрдемәліні елге қайтарып, Әблязовке қарсы куәлік бергізу үшін қамауға алды" деген Ескендір Ерімбетовтің әкесі Мырзахан Ескендіров.

«Теміртаулықтар Назарбаевтың қызына петиция жазды» - Теміртау тұрғындарының бастамашыл тобы "қара түсті қарға қарсы" және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуды талап еткен хатқа екі күнде бес мыңнан аса қол жинады.

«Қытайды Еуропамен жалғайтын "Қорғас" құрлық порты әлемдік саудаға ықпал ете ала ма?» - Қазақстан мен Қытай шекарасындағы түз далаға Қытай тауарларын Еуропа, Ресей және Орталық Азияға экспорттайтын орасан үлкен құрлық порты салынды. Болжам бойынша, "Жаңа Жібек жолы" жобасы жүк жеткізуді бірнеше есе тездетуі тиіс. Скептиктер оны авантюралық жоба деп атап, ол өзін өзі ақтамауы мүмкін деп санайды.

QAZAQUNI.KZ. «Әдебиетті шектеп, жүйесіз оқыту кімге қажет?» - Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша орта мектепке қазақ әдебиеті пәнінен берілетін базалық білімнің мазмұнын қарап шықтым. Кәсіби әдебиетшілер толықтыра жатар, меніңше мұнда бірнеше кемшілік (олқылық) бар.

RATEL.KZ. «Ақша жасаудың жолын тапқан жас банкирлер» - Былтыр Халық банкіне Қазком бір теңгеге сатылған еді. Бізде жекеменшік банктер қаржылық қиындыққа тап болып мемлекет бюджетте қаражат бөлгенде менеджерлердің несиені қалай болса солай бергені белгілі болады. 

EGEMEN.KZ. «Білімсіз жігіт отбасына тірек бола ала ма?» -  Мақтанышқа да, қуанышқа да жарап тұрған жаңалық: бүгінде 80 пайыз қыз-келіншек жоғары және орта білімге ие. Шағын және орта кәсіпкерлік ісіндегі 697 355 нысан бизнесвумендерге тиесілі. Гендерге көрік беретін керемет көрсеткіш. 

«Жасөспірімдерді қателіктен қалай сақтандырамыз?» - Жуырда БҰҰ  Халық қоныстану қорының ұйымдастыруымен журналистерге арналған «БАҚ беттерінде Қазақстан Республикасындағы жеткіншек қыздардың жыныстық денсаулығын сақтау» тақырыбындағы жарияланымдар турасында арнайы тренинг өткізілді. 

SERKE.ORG. «Ақтөбеде "атылып өлді" деген офицер жөнінде жаңа дерек шықты»  - Келіншек тіпті олардың кім екенін де жасырмай аттарын атап,  түстерін түстеп берді.  Енді  бұл істің ақ-қарасын  арнайы комиссия анықтайтын болады. Алайда марқұмның жесірі бұл тексерудің әділдігіне де күмәнмен қарайтынын айтады. Енді 3 баласын жалғыз асырайтын келіншек күзет басшылығынан осындай жағдайда отбасына берілуі тиіс барлық жәрдемақыларды талап етпекші.  Сонымен қатар «күйеуім өзін өзі өлтірді дегенге мүлде сенбеймін» деп мәлімдеген ол  жарының абыройын сот арқылы ақтап алатынын да жеткізді. 

DALANEWS.KZ.  «Ерлан Біләл дауы: Әртістің көз жасына кім сенеді?» - Әуезов атындағы театр директоры Ерлан Біләлге пара ретінде 1,5 млн. теңге ұсынылып, басы дауға қалған. Әзір әлеуметтік желідегі қауым екіге жарылған.

«Стати әдейі істеді…» - Билік бұғатталған миллиардтарға қатысты мәлімдеме жасады.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.