Михаил Саакашвили Петр Порошенкоға ультиматум қойды

12 қазан 11:29 263 рет қаралды


Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Украина президенті Петр Порошенкоға ультиматум қойды – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі. 

Михаил Саакашвили «Украинская правда» интернет-газетіне жариялаған мақаласында Петр Порошенкоға төрт бірдей талап қойған. Ол онда  Петр Порошенкоға Украинада қысқа уақыт аралығында жемқорлықпен күресуге, жаңа сайлау заңын қабылдауға, тұрғын-үй коммуналды қызметі тарифін арзандатуға және бизнесін сатуға кеңес берген. 

Саакашвилидің сөзінше, ел билігі бұлай істемеген жағдайда Украина көп ұзамай әлеуметтік-экономикалық құрдымға кетеді. Ал ол өз кезегінде елді басқарусыз әлеуметтік төңкеріске алып келуі мүмкін. 

Естеріңізге салайық, Михаил Саакашвили осы уақытқа дейін Украинаны аралап, халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдаған болатын. Саакашвили өзін Петр Порошенко Украина азаматтығынан шығарып тастағанан кейін АҚШ пен Польшада болған. Ал Украинаға қыркүйек айның 10-ы күні келген.

Дереккөз: qazaqtimes.com


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру