"ЭКСПО бітті. Бізге не бұйырды?", "Аспанға ұшқандар ажал құша бере ме?", "Тәуелсіздіктен кейінгі Каталонияның жағдайы қалай болады?", "СССР-дің мұнай өндіру екпінділері әлі бөшкелерде тұрады"

6 қазан 14:26 476 рет қаралды

ZHASALASH.KZ. "Аспанға ұшқандар ажал құша бере ме?" - Қара күздің қара суығы бес бірдей отбасына қайғы әкеліп, қара жамылдырды. 3 қазанда Алматы маңындағы Қосөзен ауылының тұсында EastWing авиакомпаниясына тиесілі АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, ұшақ бортында болған бес адам (Г.Цой – ұшақ командирі, Е.Кутафин – екінші ұшқыш, Б.Акматбаев – авиатехник, Т.Патсаев – акушер-гинеколог, Ж.Артықбаев – дәрігер-реаниматолог) қаза тапты.

"«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ай қарап отырды ма?" - Сонымен, бензин тағы да қымбаттады. Онысымен қоймай, көлік жүргізушілер қала кезіп бензин таппай қалды. Бір қызығы, «Синойл», «ГазПромКазахстан» сияқты жанармай бекеттері еш кедергісіз жұмыс істеп тұрса, алпауыт «ҚазМұнайГаздың» бекеттерінде бензин тапшы. Неге? Қымбатшылықтың соңынан тапшылық «ҚазМұнайГазға» жеке-дара жеткен бе?

AZATTYQ.ORG. "Feminita тобы: "Әлімжеттік көретін әйелге заң өзгерісі ауыр тиді"" - Қазақстандық әйелдер құқығын қорғаушы белсенділер БҰҰ-на жолдайтын балама есебінде отбасындағы әлімжеттік үшін жауапкершілікті қылмыстық кодекстен алып тастау Қазақстанда әйелдердің жағдайын айтарлықтай ауырлататыны жайлы баяндамақ.

"СССР-дің мұнай өндіру екпінділері әлі бөшкелерде тұрады" - Ресейдің мұнайға ең бай аймағы – Ханты-Манси автономдық округында Нягань деген қала бар. Оны салған тұрғындардың, қазіргі және бұрынғы геологтар, мұнайшылар мен құрылысшылардың көбінің шағын вагондар мен бөшкелерде тұрып жатқанына 30 жылдан асқан.

QAZAQTIMES.COM. "Тәуелсіздіктен кейінгі Каталонияның жағдайы қалай болады?" - Каталонияда өткен референдум әлем халқының назарын аударып, Испания билігінің наразылығын тудырғаны туралы осыған дейін күнделікті жазып отырдық. Бүгін Каталония Президенті Карлс Пуджемонттың күні кеше ВВС берген сұхбатында келесі аптаға қарай  тәуелсіздік жариялауға бел байлағаны туралы мәлімдемесінен кейін, автономиялық өңірдің Испаниядан іргесін аулақ салғаннан кейінгі өмірі қандай боларын талдап көрдік.  

ABAI.KZ. "ЭКСПО бітті. Бізге не бұйырды?" - Ел мерейін дүние жұртына паш еткен ЭКСПО көрмесі де аяқталды. Айброймен аяқталды. Әуелде дүниежүзілік көрме туралы көп сыни пікірлер болғаны жасырын емес. Ел-жұрт екі ұшты пікірден ЭКСПО көрмесінің келешегін бұлыңғыр көрді. Бұл екі арада Ермегияев бастаған топтың көрме жұмысын тежеген даулы оқиғасы жығылғанға жұдырық секілді болғанымен, Елбасы экс-әкім Есімовті көрменің басшылығына тағайындап, мәселенің оң шешімін тапқан еді.

"Ресейдің күлтөкпесі" - Кедендес, экономикалық одақтас, «мәңгілік дос» тағы немене еді, Құдай-ау, қысқасы, Қазақстандағы шенді-шекпенділер қысқа күнде қырық рет ұлықтап отыратын Ресей үкіметі бізден қант сатып алудан бас тартып отыр. Бас тартуына себеп: қазақ қантының сапасыздығы емес көрінеді. Бұндағы бар кілтипан: қазақ қанты Ресей нарығын жауалап жатыр. Қаны қызу бәсекелестікке төзе алмаған Ресей билігі кедендестікті, экономикалық одақтастықты – бәрін, бәрін былай ысырып қойып, «Қазақстаннан қант сатып алмаймыз» дейді. Ал, Қазақстан тарапы әдеттегідей үнсіз. Осы арада аз-кем сөзбен тоқтала кеттейік, кейінгі 2-3 жылдың ауқымында Қазақстан құмшекермен өзін-өзі қамтамасыз ете бастады. Қызылша шаруашылығын Алматы облысы қолға алып еді, бірер жылда-ақ игілікті бастама өз нәтижесін берді. Бұған дейін Қазақстан қантты шетелдерден сатып алатын. Оған 2 млрд теңгенің үстінде қаржы жұмсайтын. Қазір бұл қыжалаттан ептеп шыға бастаған Қазақстан өзінен артылғанын Ресейге сатпақ болған ғой. Сондағы сауданың түрі – анау. Бұл сонда қандай экономикалық одақ? Қандай кедендік келісім? Неге біздің үкімет үнсіз? Түсіне алмадық.

TURKYSTAN.KZ. "Ажал қаруынан бас тартқан Алаш" - Пхеньян алған бетінен қайтар емес.  Биылғы жылдың ақпанынан бастап жаппай қырып-жою қаруын 14 рет сынақтан өткізіп, әртүрлі сипаттамадағы 21 зымыран ұшырған Солтүстік Корея бүкіл әлемнің қарсылығына қарамастан ядролық қуатын еселей түсетінін ұқтырды. Соңғы қару сынақтары – құрлықаралық баллистикалық зымырандар АҚШ-тың Аляска, Нью-Йорк, Чикаго қалаларына жетуі мүмкін екенін дәлелдеді. КХДР өзі мәлімдегендей, оқтұмсығын Гуам аралына бағыттаса, Трамптың тырп етпей отырмасы анық.  АҚШ  «аждаһасын»  оятса, үрейлі  жұрт айтып жүрген «үшінші дүниежүзілік соғыс» басталып кетпесіне кім кепіл?

QAMSHY.KZ. "«Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады»" - Алаш көсемі, публицист  Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханмен “жүргізілген” рухани сұхбатты  назарларыңызға ұсынамыз.

AIKYN.KZ. "Қазақстан географиясы неге «шеттеп» қалды?" - Ұстаздар қауымы Білім және ғылым министрлігінің басқаруымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған география пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-8-сыныптарына арналған оқу бағдарламасының мазмұны сын көтермейді деген пікірде. Бұл мәсе­ле­ні «Айқынның» «Ашық алаңын­да» еліміздің білім саласының майтал­мандары сарапқа салды.



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру