Қадірлі жерлестер!

4 ақпан 2015 20:57 1360 рет қаралды

Мен көпбалалы анамын, алты баланы тәрбиелеп отырмын. Менің ең кенже ұлым Әділхан туылған күнінен мүгедек. Ол жарық дүниенің есігін ашқан кезден бастап дәрігерлер оған үш диагноз қойды: «Врожденная гидроцефалия», «Несовершенный остеогноз», «Ангиопатия сетчатки». Баламның басында үнемі су жиналады, денесінің қызуы түспейді. Оның қолы мен аяғы 30 рет сынған, өздігінен жүріп, жылжи да алмайды. Біз бірнеше рет квотамен Астанаға ем алуға бардық, бірақ Ана мен бала орталығының дәрігерлері бізді қабылдаудан бас тартып отыр – олардың Әділханға көмектесетін мүмкіндіктері жоқ. Ол ұзақ уақыт памидронат терапиясынан өту қажет (араға 3-4 ай салып жылына 3-4 курс алу қажет), емді үш жыл бойы қабылдап, кейін түзету емі жүргізілуі керек. Демеушілердің көмегімен бізге Мәскеуге барудың мүмкіндігі туды, қазіргі уақытта біз Еуропалық медициналық орталықта ем алудамыз. Біз Мәскеуде емнің 10 курсынан өттік. 2014 жылдың шілдесінде оған Қазақстанда жамбас сүйегіне ота жасалды. Ал сол 2014 жылдың қазанында біз қайырымды жандардың көмегімен Үндістанға барып келдік. Оған онда аяғын түзетуге арналған ота жасалды. Енді оған «Ангиопатия сетчатки» диагнозы бойынша ота жасалуы қажет. Дәрігерлердің бағалауы бойынша ота 5 мың доллар тұруы мүмкін. Сондай-ақ, бізге Үндістанға дейін бару-келуге жолымызға да қаржы қажет. Біздің көпбалалы отбасымызға мұндай үлкен соманы жинау қиын. Мен өте қиын жағдайға душар болдым, сол себепті жерлестердің қолдауына үміт артып, көмек сұрап отырмын. Көмек қолын созар мейірімді жандар табылып қалар деген үміттемін.

Құрметпен, Әділханның анасы Ләззат

Тел: 8 (7122) 31-23-06, +7 775 338 12 49 

Банк: «Казкоммерцбанк» 

Есепшот нөмірі: KZ6092606015N5328000

ЖИН: 770908400478

«Қазпошта» АҚ

Есепшот нөмірі: KZ375630699GG0065967

Алушы: Ләззат Өтепқалиева

(Жарияланым медициналық және басқа да құжаттармен расталған)

Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.